Автор: Гулим

#
Салеметсиз бе?
Мен Тузусай ауылының тұрғынымын. Біздің ауылға дейінгі жолға қашан көше электр жарығы түседі? Алатауда жарық бар да, бізде жоқ? Жолда үйге қайтудан қорқамыз. Ұрлық көп, қараңғыда оларды көрдім деп айтатын адам да жоқ. Мүмкін егер де сіздер көше жарықтандыру жүйесін жасатқандарыңызда, екінші мәселе де шешіліп қалар!!!!!
Ответ
!
Сәлеметсізбе! «Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, Сіздің  Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен сұрағынызға, келесіні хабарлайды:
Сіздің, Талғар ауданының Панфилов ауылдық округіне қарасты Тузусай ауылының көшелерінің бойына электр жарығын жүргізу туралы өтінішіңіз бойынша, округ ауылдарындағы көшелерді жарықтандыру Жергілікті өзін – өзі басқару бюджеті есебінен жүргізілетінін хабарлайды. Округтегі 7 ауылда 170-тен аса көше бар. Оларды жарықтандыру жергілікті өзін-өзі басқару мен даму бағдарламасына сәйкес жүргізілетін болады. Тузусай ауылының көшелерін электрмен жарықтандырау 2019 – 2020 жылдардың даму бағдарламасына қойылатын болады.
Аталған жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.
Добавлен: 27.04.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января