Автор: Оразалиев Нұрболат

#
Сәлеметсізбе, Рыскелді Ахметқалиұлы!
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округы, Көктал ауылына қарасты, Айғаным ықшамауданы, М. Мақатаев көшесінің тұрғындарының атынан сізден төмендегі жағдайларды мүмкіндігінше тез арада шешілуіне ықпал етіп көмек беруіңізді өтініп Сұраймыз.
Бірінші мәселе біздің көшеге бір жыл бұрын ауыз су құбыры жүргізілген еді. Тұрғындардың көпшілігінің үйінің ішіне дейін құбыр тартылып қойылған. Содан кейін түрлі себептерге байланысты ауыз су әлі күнге дейін берілмей отыр. Құдықтың суын ішіп неше жылдан бері балаларымыз, үлкендер өзімізде түрлі аурулармен ауырып жүрміз. Ауыз су жақын арада берілуі үшін Су тарату мекемесіне ықпал жасасаңыз.
Екінші мәселе көрші көшеге Газ құбыры жүргізіліп біздің көшеге газ құбыры тартылмай отыр. Көршілердің барлығы дерлік үйімізге газ кіргізіп алуға дайын отыр ақшаларын жинап. Ешқандай тұрғынның қарсылығы жоқ.
Сізден осы мәселелердің тездетіп шешуілуіне ықпал жасауыңды өтініп сұраймыз.
Ізгі Құрметпен ауыл тұрғыны Оразалиев Нұрболат Жарылқасынұлы.
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Қайнар ауылдық округінің әкімдігі Сіздің, Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған арызыңызды қарай келе төмендегіні хабарлайды.

Қазіргі уақытта «Айғаным», «Ай-Абылай» жаңақұрылысындағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырларын жүргізудің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Су құбырының құрылыс жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер компания «Айсем и КО» ЖШС-і алдағы екінші жарты жылдықта жұмыстарын толығымен аяқтап, Талғар аудандық «Су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына өткізіп беруге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл мәселе үнемі бақылауда.

«Айғаным», «Ай-Абылай» жаңақұрылыстарына жергілікті тұрғындардың қолдауымен инвестор ретінде «Араз Инвест» ЖШС-і тартылды. Қазіргі уақытта инвестор компания мен тұрғындар арасындағы екі жақты келісім-шарт арқылы көшелерге газ құбырын тартудың жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан, көшелеріңізге газ құбырын тарту үшін тікелей инвестор компанияның өкілдеріне жүгінулеріңізге мүмкіндіктеріңіз бар.

Добавлен: 7.06.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января