Автор: Меиркуль

#
Қайырлы күн! Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, Сіздерге тағы бір сұрақ қоюға тура келіп тұр, Тұздыбастау ауылы, яғни, оның ішінде бөлек-бөлек ықшам аудандарға (Шығыс, Шығыс 1, Айжарық т.б.) Алатау трассасы арқылы қатынайтын ауылдарға кеш бата қараңғы түсе бастағанда қатынау өте қиын, әрі қорқынышты. Алатау трассасының бойында өте қараңғы, зырылдап жүріп жатқан көліктер,оған қоса, қаңғыған иттер шұбырып жүр. Мектеп оқушылары қараңғы трассаның бойымен үйге қайтуға тура келеді. Балалардың үйге аман жетуін тілеп, уайымдаумен отырамыз. Сол Алатау трассасына неге электр жарығын орналастырмайсыздар? Өзі үлкен трасса, автокөліктер ары-бері зырылдап өтіп жатыр, сонда нені күтіп отырмыз? Неге көшеде жарық жоқ? Кімге бұл жөнінде хабарласуымыз керек? Автобустар сұрап-сұрап жауыр болдық, ең болмаса трассаны жарықтандырсаңыздар болатын еді. Рақмет!
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің жеке блогына жазған хатыңызды қарастырып «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі төмендегідей жауап қайтарады.

Біздің тараптан Талғар ауданының елді менедерінің көшелеріне көшежарықтандыру салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Осы жобаға сәйкес Тұздыбастау ауылының Жайлау, Н. Жақып, Жылқыбай және Сейдахмет көшелеріне 2020 жылы көше жарықтандыру салу жоспарланған.

Сонымен қатар Тұздыбастау ауылының қалған көшелеріне көшежарықтандыру салу мақсатында жоба әзірлеу жұмыстары Тұздыбастау әкімдігінің бюджеттік өтініміне сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз.

Добавлен: 31.08.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января