Автор: Сыдыков Аскар Ырскелдивич

#
Мен жалғыз басты әкемін квартирада түрамын балам екінші группа инвалид өзім үшінші группа инвалид бізге көмектесуінізді сүраимын болардын сабақ оқитын комнатасыда жоқ камиса қүруып қарауынызды сүраимын 87471354229
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі келесіні хабарлайды:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгеріс еңгізу туралы Заңы негізінде 2019 жылдың 1 сәуірден бастап, атаулы әлеуметтік көмек жанұяның жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспағанда ғана тағайындалып, төленеді (кедейлік шегі 20789 теңге).

А.Сыдыковқа Зейнетақы төлеу орталығы арқылы төмендегі мемлекеттік жәрдемақылар төленеді: бір баласына асыраушысынан айырылуына байланысты – 25541 теңге, бала жасынан мүгедек баласына – 83156 теңге және өзінің мүгедектігіне – 30886 теңге.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек А.Сыдыковтың жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты тағайындалмайды.

Сіз 2013 жылдың 12 қазанында мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегіне тіркелуге өтініш білдіріп, бүгінгі күнге «Жарымжан баласы бар немесе тәрбиелеуші жанұя» санаты бойынша №123 болып тіркеліп тұрсыз.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-1 бабына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiлетiндігін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңының 14 бап 6 тармағына сәйкес қабылданған шешімге, уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылысыз.

Добавлен: 18.10.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января