Автор: Жазира :fhtrttdf

#
Сәлеметсіз бе, әкім мырза! Мен Белбұлақ ауылдық округіндегі Бірлік ауылы, Молдағұлова, 37 А көшесінің тұрғынымын. Үйге газ кіргізу мәселесіне қатысты сұрағым бар. "Жетісу газ құбыры" ЖШС шарт жасасып, ақшасын түгел төледік. Mіне, қыс түссе де газ кіргізбей отыр. 4 айдың ішінде кіргіземіз дейді. 4 ай өткенше қыс бітеді. үйде қарт адамдар, бала-ша бар. Осы мәселені шешуге бола ма? Әлде Нұр-Отан партиясына немесе жоғары жаққа шағымдану керек пе? Немесе телевидение шақырып шара қолданғаным дұрыс па?
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 284-бабының 2-тармағына сәйкес, Тараптардың бірі міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, екінші Тарап өз міндеттемесін орындауды тоқтата тұруға не осы міндеттемені орындаудан бас тартуға және залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

Жоғарыда аталған Кодекстің 359-бабының 2-тармағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған тұлға мүліктік жауапкершілікте болады деп көрсетілген.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 404-бабының 3 тармағында егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi деп көрсетілген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 55 тармағына сәйкес өз мүдделеріңізді қорғау үшін сотқа жүгінуіңізге болады.

Добавлен: 25.11.2019 г.
Тема:
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января