Автор: Гульнур

#
Сәлеметсіз бе, Жолан Ыбрайақынұлы. 2019 жылдың 28 тамызындағы Кеңдала ауылындағы канализация мәселесі бойынша жолдаған жауаптарыңызда: Кеңдала ауылына кәріз жүйесін салу мақсатында 41,4 млн. теңге қаражат бөлініп, «Жоба Дизайн» ЖШС мекемесімен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Жоба бойынша 2019 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, 2020 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім беріледі.- делінген.
Осы мәселе бойынша 2020 жылға:
- канализацияның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бөджеттік өтінім берілді ме ?
- құрылыс жұмыстарын қашан бастайды?
- қанша уақытта бітуі керек?
- жер телімі кай жерден берілді?
т.б осыған байланысты сұрақтардың жауаптарын ашып жазсаңыздар.
Себебі: канализация (дәретханадан) аққан суы толып, Алматинская көшесімен ағып жатқанына қанша жыл болды. Мүңкіген иісі үйдің ішіне дейін жетіп , Кеңдала тұрғындары, балалар осы лас ауаны жұтып отырмыз. Жаңбыр жауса сасық су уйдің табалдырығына дейін жетеді. Жазған жауптарыңызда: көппәтерлі тұрғын үй иелері өтінішіне байланысты Кеңдала ауылдық округі әкімдігі осы әжетқұдықты тазалау жұмыстарын жүргізді-депсіздер. Ол екі күнге ғана жетеді. Одан соң кілкілдеп қайта толады. Боқ суда күрекпен жолдасым, балам көшеге жол жасап ағызып , аңдып отырады.
Сізден 2020 жылы осы мәселені толық жасап беруіңізді сұраймын. Қанша уақытқа дейін созуға болады?!
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі келесіні хабарлайды:

Кеңдала ауылында орталықтандырылған кәріз жүйесі болмауына байланысты, Смыков көшесінде орналасқан 5 қабатты, 48 пәтерлі тұрғын үйдің сулары, осы үйдің ауласында орналасқан әжетқұдыққа құйылады.

         Кеңдала ауылына кәріз жүйесін салу мақсатында 41,4 млн. теңге қаражат бөлініп, «Жоба Дизайн» ЖШС мекемесімен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Сорғы станциясын орнататын жер телімі болмауына байланысты жобаны аяқтау мүмкіншілігі болмады. Жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп шығарудан бастау туралы қаулы шығарылып Талғар ауданының жер қатынастары бөлімімен жер телімдерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

         Жер телімдері сатылып алынғаннан кейін, жоба мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін жүйеге жүктеледі.

         Құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін берілетінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңының 14 бап 6 тармағына сәйкес қабылданған шешімге, уәкілетті органның әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылысыз.

 

 

Добавлен: 27.01.2020 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января