Автор: Толкын

#
Сәлеметсіз бе мен көпбалалы ана едім үйде жолдасым ғана жұмыс істейді қолымызға түсетін зарплатасы 130мың мен 150 мыңның арасы ғана. Маған АӘК шықпай жатыр не себепті. Нұр Отан беріп жатқан 50 000 төтенше жағдайға байланысты менде аламын ба. Жалғасы ауылында тұрамын Алла берген 6 балам бар 4 оқушы. 2 кішкене үйде. Коммуналдық көмекке де қол жеткізе аламын ба . Нақты жауабын берсеңіздер. Алдын ала рахмет. Оразаларыңыз қабыл болсын. Еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Ответ
!

«Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Сіздің аудан әкімінің сайтына көмек сұрап жазған хатыңыз бойынша келесіні хабарлайды:

  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес әлеуметтік жағдайы нашар аз қамтылған жанұяларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған.  Көмек жанұяның жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспағанда ғана тағайындалып төленеді. 

Сіздің орташа табысыңыз кедейлік шегінен (кедейлік шегі 2 тоқсан 2020 жылы 21600 теңге болып белгіленген) асып кетуіне байланысты, атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалмайды.

«Біз біргеміз» Қоры арқылы төленетін қаражат (50000 мың теңге) ауданда қарастырылмаған, тек үлкен қалаларда  жүргізілуде.

Коммуналдық төлемдерді төлеуге өтемақы тағайындалуы үшін электрондық форматта аудандық тұрғын үй – коммуналдық  бөлімінің электрондық поштасына (talgar_zhkh@mail.ru) немесе Zhetysu.komek109.kz порталына егер жылыжымайтын мүлік өз атыңызда болған жағдайда ғана мәліметтеріңізді (ЖСН, коммуналдық төлем жасайтын дербес шотыныңыздың нөмірін)  жіберуіңізге  болады.      

Уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне /әрекетсіздігіне/, өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығы бар екені хабарланды.

Добавлен: 28.04.2020 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января