Автор: Айгерим

#
Саламатсых ба !Мен 2балалы жалғызбасты анамын 3 топ
тағы мугедекпин. Шағын орталықта жумыс жасаймын .
Бізге алі кунге дейін айлық туспеди өзім арендада турамын қалай кун коруге болады
Ответ
!

«Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Сіздің аудан әкімінің сайтына көмек сұрап жазған хатыңыз бойынша келесіні хабарлайды:

  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына сәйкес әлеуметтік жағдайы нашар аз қамтылған жанұяларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған.  Көмек жанұяның жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен  (кедейлік шегі 2 тоқсан 2020 жылы 21600 теңге болып белгіленген) аспаған жағдайда ғана, құжаттарыңызды онлайн түрде Электрондық үкімет порталы арқылы тұрғылықты мекен-жайыңызды көрсете отырып тапсыра аласыз.

Сонымен қатар, еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты мүгедектерге, әлеуметтік көмек ретінде  азық-түлік және тұрмыстық  пакетінің орнына 2 айлық есептік көрсеткіш 5556 теңге сәуір айында төленді.

Уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне /әрекетсіздігіне/, өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығы бар екені хабарланды.

Добавлен: 29.04.2020 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января