Автор: Баймәжі Ерлік Баймәжіұлы


#
Сәлеметсізде? Садықова Райхан Нұрмұрзақызы. Мен, Баймәжі Ерлік Баймәжіұлы - "Гүлдада" ауылының тұрғынымын. Ауылымызға қашан жаңа мектеп салынатынын білгім келеді. Өзіңізге белгілі болғандай, "Гүлдала" ауылындағы № 46, мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 21 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушы оқытуға деген жағдайы сын көтермейді. Тіпті, Алматы қаласынан өте шалғай орналасқан орта мектептердің жағдайлары мұндай емес. Мектепке кіретін болсаңыз жағымсыз иістерден адам тұншығады, жалпы мектеп өте ескі. Оқушылардың сабақ оқыптып үйретуі үшін жағдайы келмейді. Мұндай мектепке қазіргі оқып жүрген оқушы саны мүлдем артық екендігі сырт көзге ұрып тұрады. Қазіргі еліміздің экономикалық-әлеуметтік жағдайы жақсарған кездегі заман талабына мүлдем сай келмейді.
Облыс басшысы Амандық Баталов Елбасының тапсырмасына сәйкес апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмау мақсатында 2016-2018 жылдары 34 мектептің құрылысы жүргізіледі деген еді. Осы бағдарламаға біздің «Гүлдала» ауылы енгізілді ме екен? Жауабыңызға алдын-ала рахмет айтамын.
 
Ответ

!
Добавлен: 3.03.2017 г.
 
 




Смотрите также

25 октября

25 октября

27 октября

28 октября