Автор: Дария


#
Құрметті Райхан Нұрмырзақызы!
Мен, Шүлембаева Дария Мүшенқызы Бесқайнар ауылының тұрғынымын. 2008 жылы Талғар ауданының әкіміне жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін бөліп беруін сұрап 2 (екі) рет өтініш берген едім. Біріншісі, 20.07.2009 жылы тіркеу№3699, қосымша анықтамалар және құжаттардың көшірмелерімен бірге өткізген болатынмын. Бұл өтінішіме дұрыс жауап алмаған соң, екінші өтінішті 24.09.2009 жылы тіркеу №4815 қайта берген едім. Бірақ, ол өтінішіме де ешқандай жауап алмадым. Міне, содан бері сегіз жылдан астам уақыт өтсе де, жер телімін алмақ тұрмақ, маған тұрғын үй салу үшін жер телімі қашан берілетінін әлі білмеймін. Тіпті аудан бойынша тұрғын үй салуға жер телімін алу үшін кезекте тұрғандардың тізімінде нешінші болып тұрғанымды да білмеймін (егер ауданда ондай тізім болса). Ал, менің тұрғын үй салу үшін жер телімін сұрап жазған өтініштеріме келер болсам, өзім тұратын Бесқайнар ауылдық округі әкіміне 2002-2009 жылдар аралығында 7(жеті) рет жер телімін сұрап өтініш берген болатынмын. Барлық жеті өтінішіме ауылдық округте тұрғын үй салу үшін жер телімі жоқ деген жауап алдым (соңғы алған жауапты 24.09.2009 жылы тіркеу №4815 берген өтінішпен бірге қосымша тапсырған болатынмын).
Құрметті Райхан Нұрмырзақызы! Менің Сізге жоғарыда айтылған жайтқа байланысты нақты екі сұрағым бар. Біріншісі, маған тұрғын үй салу үшін жер телімі қашан беріледі және мен аудан бойынша жер телімін алу үшін өтініш бергендердің тізімінде нешінші болып тұрмын? Екіншісі, 2009 жылдан бері Талғар ауданы бойынша жеке тұлғаларға тұрғын үй салу үшін қанша жер телімі берілді және ол шаруа қандай тәртіппен (кімдерге берілді, олар қашаннан бері кезекте тұрғандар, сондай-ақ олар шын мәнінде мұқтаждар ма? және т.б.) жүзеге асырылғандығы жайында толық мағлұмат берсеңіз. Өзіңізде білесіз, Талғар ауданы бойынша соңғы он жылда ауданмен және осы ауданға қарасты ауылдық округтердің әкімдерінің үстінен жер телімін заңсыз бөліп берулеріне байланысты бірнеше ондаған қылмыстық істер қозғалып, жауапты тұлға ретінде бірнеше әкімдер қылмыстық жазаға тартылған болатын. Осы екінші сұрағым бойынша менің нақты білейін дегенім, Талғар ауданы көлемінде тұрғын үй салу үшін жер беруде орын алып келген қылмыстық әрекеттер қаншалықты тиылды, болмаса әлі күнге дейін жалғасып келе ме?, осы сұрақтар бойынша берілген жауабыңызды мына көрсетілген dariya.shulembaeva.77@mail.ru электронды поштаға жіберсеңіз болады.

Шүлембаева Дария Мүшенқызы
Талғар ауданы, Бесқайнар ауылы,
Яблочная көш, №18үй, 1пәтер,
Тел: 87475574601.
dariya.shulembaeva.77@mail.ru
 
Ответ

!
Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен сауалыңызға "Бесқайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" төмендегіні хабарлайды:
Д.М. Шуленбаева  14.09.2009 кіріс № 3 өтінішіне 16.09.2009 жылы шығыс №138  Бесқайнар ауылдық округі бойынша тұрғын үй құрлысын жүргізуге жер учаскесінің жоқтығы бойынша хат жауабын бергенбіз.
Тізім бойынша 41 болып тіркелген.
Бесқайнар ауылдық округі бойынша тұрғын үй құрлысын жүргізуге жер учаскесінің жоқ болғандықтан , Нұра,Қайнар  ауылдық округі әкімдеріне  тұрғын үй құрлысын жүргізуге жер учаскесіне
өтініш хат жолдау мүмкіншілігі бар. Кәзіргі уақытта ауыл округіндегі жер учаскелері жеке меншік иелерінде және шаруа қожалықтарда болғандықтан,ауылдық округ әкімінің территориясында    тұрғын үй құрлысын жүргізуге жер
учаскелері  жоқ.

 

Добавлен: 24.08.2017 г.
 
 




Смотрите также

25 октября

25 октября

27 октября

28 октября