Автор: Медет


#
Құрметті Талғар аудандық көлік және жолдар басқармасы. Біз Қызылту ауылы Тәуке хан көшесі тұрғындарымыз. Біздің Тәуке хан көшесі әскери бөлімшенің төменгі жағында Айғаным ауылы мен Қызылту акылы аралығында орналасқан. Көше орталық көшелердің бірі болғаннан соң көшемізде не жаяу жүргіншіге тратуар жоқ, не авто көліктерге жол ережесін айшықтайтын бірде бір жол белгісі жоқ. Әсіресе оқушыларға өте қиын көшеде көлік қозғалысы өте көп. Көптеген такси көліктері клиент үшін жарысып 90/100 км/с жылдамдықтан асырып жібереді.Жаяу жүргіншілерге мүлдем қолайсыз және өмірі үшін қауіпті. Түнгі мезгілдерде көше шамдары жоқ осыған Талғар ауданы әкімшілігі атынан қандай көмек болады екен. Аса құрметпен Тәуке хан көшесі тұрғындары.
 
Ответ

!
Сәлеметсіздерме! "Талғар ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ Сіздердін Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен сауалынызға, төмендегіні хабарлайды:
Тәуке хан көшесіне тротуар мен арық жүйесін салу үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазіргі таңда Панфилов ауылдық округы, Қызыл Ту ауылы, Тәуке хан көшесіне күрдері жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар даярлауға бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Тәуке хан көшесі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық–сметалық құжаттар даярлаудың жоспарына енгізілді. Қаражат бөлінуіне байланысты жобалық–сметалық құжаттар даярланатынын хабарлаймыз. 
Тәуке хан көшесіне тексеру жұмыстарын жүргізіп қандай жол белгілері қажет екендігі туралы нұсқама беруге, аудандық АІІБ бастығына хат жолданды. Нұсқама алынғаннан кейін қаражат бөлінуіне байланысты, 2018 жылы жол белгілері орнатылады.

 


Добавлен: 1.11.2017 г.
 
 




Смотрите также

25 октября

25 октября

27 октября

28 октября