Автор: Майра

#
Сәлеметсиз бе! Менін балам былтырдан бері Тұздыбастау ауылынын мектебінде оқиды. Осы мектептін мұғалімдерінінң біліміне, балама берген тәрбиесіне ризамын. Бірақ, кешке деін ақша жинау шаршатады. Ремонт деп беремін. Коридордын гүлі деп беремін. шыршасына ойыншық тағы беремін. Енды калғаны, мектептің музыкалық аппаратура мен микрофоны істемегеніне жинағалы жатыр. Сонда менің сурағым: мектептің жыртығын жамау ата-аналар мойынында ма? Үкіметтен қаржыландыру деген кайда?
Ответ
!
Сәлеметсізбе! Талғар аудандық білім бөлімі, Сіздің  аудан әкімінің сайттына  жазған "Тұздыбастау ауылындағы мектептер ақша жинайды" деген хатыңызға  төмендегідей жауап береді:
       Тұздыбастау ауылында екі мектеп орналасқан .Олар №13 және №31 орта мектептер.
       Аудандық білім бөлімі тарапынан әр жыл сайын арнайы ақша жиналмасын деген бұйрық шығарылып, мектеп басшыларының танысқандығы туралы қолдары қойылады.Ол жерде.
·        Мекеме басшылары өзіне берілген жұмысты жауапкершілікпен, дұрыс орындалуын қатаң бақылауда ұстасын.
·        Жұмыс барысында заңсыз ақша алуға қатаң тиым салынсын.
·        Барлық білім мекемелерінде, мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардан әр түрлі себептермен ақша жинауға  қатаң тыйым салынғандығы ескерілсін.
·        Ғимаратта, мектеп қабырғасында, басқа мекемелерден  ақылы іс-шаралар өткізуге, сыйлық алуға, дастархан  жаюға қатаң тыйым салынып, жауапкершілік тікелей мектеп директоры  мен бала-бақша меңгерушілерінің басшылығына алынсын.
·        Мекеме ғимаратында мектеп әкімшілігі, мұғалімі, ата-аналары тарапынан ешқандай дастархан жаю іс-шарасы ұйымдастырылмасын.
·        Мектеп басшылары ақша жинамау мәселесі бойынша ата-аналармен, сынып  жетекшілерімен, оқушылармен іс-шаралар ұйымдастырылып, жиналыс хаттамасы аудандық білім бөліміне өткізілсін.
·        Білім мекемесінде жоғарыда айтылған фактілер анықталған жағдайда қатаң шара қолданылсын.
      Осы бұйрық негізінде әр білім мекемесінің басшыларына мектепте ақша жинауға қатаң түрде тиым салынған. Ал егерде ақша жинау фактісі бар дәлелдемелеріңіз болса, аудандық білім бөлімінің 408 кабинетіне келуіңізге болады.Сіздің дәлелдемелеріңіз арқылы мектеп басшысына қатаң шара қолданылады.
Добавлен: 14.01.2018 г.
Тема:
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января