Автор: Аида

#
«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады». Онсыз да қымбатшылықтың қыспағын көріп, жалақысы жамбасын жабуға жетпейтін, светтің өзін еліміздегі ең қымбат киловатпен (1кВт=27) төлейтін, жалғыз мектепте 3 ауысымда оқып, кітап пен қосымша дәптеріне дейін өз ақшасынан сатып алатын, дәрі-дәрмек тегін берілмей, больницасында маман жетіспейтін (тек аптаның 1-2 күндері жұмыс жасайтын) Қызыл-Ту мен Айғаным ауылдарының тұрғындарына  енді жолақының бағасы 150 теңге болып белгіленді. Негізінде "418" қоғамдық көліктегі жолақы құнының көтерілетіні жайындағы ақпарат тек қана 15 қаңтарда мәлім болды. 
    "418" қоғамдық көліктің автобөлшектерін алудың қымбатқа түсетіндігін айтып зар илеп отырған Қытайдың тар автобус қожайындарының да уәжі орынсыз секілді көрінеді.
   Тағы бір айтар жайт, күнделікті жұмысқа баратын және қайтатын уақытта кісі қарасы көбейіп, уақытысында келмей адамды суық күнде күттіріп жұмыстан кешіккеніміз былай тұрсын, таңертеңгі тастай суық автобуста бірін-бірі тұншықтырып жіберуге шақ қалатыны үйреншікті көрініске айналды.
   Енді қараңыз: "418"-дің 10-15 адамдық орыннан бөлек 10-15 адам әр аялдама сайын бірін-бірі итеріп кіріп, сығылысып тұрып, әрқайсысы 100 теңгеден, ерткен баласы болса оған қосымша 80 теңгеден төлейтін болса күнделікті қанша қаражат түсіп жататынын іштей шамалай беріңіз. Мұны айтпағанда тұрғындарды шамадан тыс кіргізіп, тығыздап алуы жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға да үлкен кедергі болып шықпай ма?!  Расында да олардың күнделікті шығынынан гөрі табатын пайдасы еселеп асып түсетіні былай да белгілі.
  "404","417" ауылдық аймаққа баратын қоғамдық көліктердің бағасы неге 100 теңгеден, біздің ауылдың автобусының бірден 150 теңгеге дейін көтеретіндей  қай жері артық сонда?! Халықтың қалтасына салмақ түсіру қаншалықты дұрыс?
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайты арқылы келіп түскен  шағымынызда қарастырып, "Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ төмендегіні хабарлайды:

«Айғаным», «Ай-абылай» мөлтек аудандарындағы электр жүйесі Талғар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының құзырына қарайды. Мөлтек аудандарда  электр қуатына жұмсалатын қаражатты тұрғындардың қолдауы бойынша Алтаев Шалмырза жинайды. Қазіргі таңда электр қуатына төленетін төлемақының құны 1 квт-на - 27 теңгені құрап отыр. Жаңақұрылыстардағы электр жүйесін аудандық электр торабына өткізу үшін Талғар аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі қажетті құжаттарды жинауда. Алдағы уақытта арнаулы құзырлы органдардан электр жүйесін аудандық электр торабына өткізіп беру туралы қаулы шыққаннан кейін жаңақұрылыстардағы тұрғындар төлемақыны энергосбытқа төлейтін болады.
Жаңақұрылыстарда 300 орындық мектеп салу үшін 1,7 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі дайындалды. Сондай-ақ, мектептің жобасын дайындауға қаражат бөлінді. Жоба дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаражат бөлініп мөлтек аудандардағы мектеп мәселесі шешімін табатын болады. Бұл мәселе үнемі бақылауда.
Мөлтек аудандардың тұрғындарын медициналық жәрдем керек уақытында Қызылту ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы ешқандай кедергісіз қабылдайды.
Алматы қаласы-Қызылту ауылы-«Айғаным» мөлтек аудандардың арасында қатынайтын №418 –ші  қоғамдық көлік №5 қалалық автопарктің қарамағына қарайды. Қоғамдық көліктегі жолақысы 150 теңге, Алматы қалалық «Жолаушыларды тасымалдау және автомабиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің қаулысы бойынша бекітілген. Қала маңындағы радиусы 50 шақырымға дейінгі елді-мекендердегі тұрғындарды қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету және ондағы жол жүру құнын бекіту Алматы қалалық «Жолаушыларды тасымалдау және автомабиль жолдары» ММ-нің құзырына қарайды.

 

Добавлен: 17.01.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января