Автор: Нурзия

#
Сəлеметсіздер ме? Кейінгі жылдары Талғар қаласының кейбір мектептерінде əсіресе аралас мектептерде масленица атап өтіледі.Мектеп ауласында үлкен қарақшылар (чучила)қойылып өртеледі.Менің сұрағым осы "іс-шара" заң жүзінде дұрыс па? Мемлекеттік орындарда діни мерекелерге заң жүзінде тыйым салынды емес па?
Ответ
!

Сәлеметсізбе! "Талғар ауданы ішкі саясат бөлімі" ММ, Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен, "масленица мейрамы" туралы сұрағыныз бойынша төмендегіні хабарлайды:

    Масленица  – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқынан келе жатқан ұлттық меркесі. Мейрам кезінде міндетті түрде құймақтың /блины/ түр түрі пісіріледі.  Құймақ — шеңбер тәрізді, яғни күн пішінін бейнелейді. Күн - көктем мен жылылықтың символы, мерекенің бұлжымас белгісі. Алайда, масленица кезінде тек тағамдар пісіріліп қана қоймайды, сонымен қатар, би билеп, ән айту, бір-бірінің үйіне қонаққа бару сынды салттар да бар. Масленницаның тұлыбын жасап, «Қар әйелдің» үлгісін жасау де кең етек алған. Алау жағылып, сол алаудың басында түрлі ойындар ұйымдастырылады. Славян халқы Масленицаны – бір күн емес, апты бойына тойлайды. Әрі әр аптаны тойлаудың өзіндік ерекшелігі болады. Дүйсенбі кездесу күні, сейсенбі ойын ойналады, сәрсенбі тәтті тамақ пірісірілсе, бейсенбі серуенге, яғни қыдыру басталады, ал жұма қайынененің үйіне қонақта болса, сенбі қайынапа шаңырағында отырыс, ал жексенбі күні кешірім сұрау басталады екен. Бұл мереке қыстың соңғы күндерінде аталып өтеді.  Және славяндар бұл мерекені қызықсыз өткізген адамның  бір жылы солай өтеді деп есептейді екен.

     Біздің ауданымыз көп ұлтты аудан болғандықтан /славян халқы ауданымыздың 23 пайызын құрайды/  Масленица мерекесі Славян этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Талғар қаласының орталық алаңында жыл сайын өткізіліп тұрады.  Онда көрме қойылып, келген қонақтарға орыстардың дәстүрлі тағамдары және құймақ таратылады. Одан басқа, әр түрлі ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі. Жалпы ауданымызда барлық этнос өкілдеріне қолдау жасалып, олардың өз дәстүрлеріне қатысты мейрамдарын өткізуге ықпал жасалып тұрады. Мысалы, ұйғыр ұлтының «Көк чөшір», түріктердің «Аналар күні», «Наурыз», мұсылмандардың «Ораза», «Айт», орыстардың «Рождество» және т.б. шаларды атауға болады.   

     Сонымен қатар, Масленица мерекесі діни мейрамдар қатарына жатпайды,  славян халықтарының байырғы кезеңнен өз ырым-нанымымен өтетін  салт – дәстүрлі /языческий праздник/ меншікті мейрамдары. Аудан бойынша білім мекемелері, атап айтқанда, мектеп оқушыларын осы мейрамды тойлауды ешкім мәжбүрлемейді. Мектептер /№3, №1/ ата-аналар комитетінің қолдауымен осындай басқа да шараларды өткізеді. Мысалы, 8 - наурыз, 22-наурыз, Күз мерекесі, Жаңа жыл  және т.б.

     Сондай-ақ, аудан  тұрғындары және қонақтар Масленицаны қыспен қоштасу және татуласу күні ретінде қабылдайды. Мерекені атап өту әр азаматтың өз таңдауы дей келе, республикамызда бұл мейрамды өткізуге ресми тыйым салынбағанын хабарлаймыз. 

Добавлен: 19.02.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января