Автор: Талғат

#
Саламатсыз ба? Аса құрметті Садықова Райхан Нұрмұрзақызы
мен Ауған соғысының ардагері, ұстаз Атыханов Талғат Атыханұлы сізден сұрайтыным, балам Тұздыбастау ауылының Ақжол ықшамауданының № 937 қоныс жерін алған еді. Сол жер теліміне үй салайық десек, жер телімінің үстінен жоғарғы вольтты тоқ линиясын жүргізіпті. Балам қазіргі таңда Болашақ бағдарламсымен Англияда оқып жатыр, 2018 қыркүйек айында оқуын бітіреді. Жерді жалға алған уақыты 2019 жылы қазан айында бітеді. Бізге жер телімін берген кезде жоғарғы вольтты тоқ линиясы жүргізілмеген еді. Сол жерге үй салуға болама?
Ответ
!
Сәлеметсізбе! "Талғар ауданы сәулет және қалақұрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі,Сіздің талғар ауданы әкімінің сайтына жазған сауалынызға, төмендегіні хабарлайды:
Үй салуға рұқсат қағаздарын "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылдың 16 шілдедегі №242-II Қазақстан Республикасының Заңына 68 бабына сәйкес беріледі.
Талғар ауданы сәулет және қалақұрылысы бөлімі салынайын деп жатқан объектінің жобасын келіседі және сәулет-жоспарлау тапсырмасын береді. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
-жер телімінің құжаттары (әкімнің шешімі,сату-сатып алу шарты, жер телімінің мемлекеттік актісі және т.б.)
- жобалауға арналған тапсырма;
-топографиялық түсірілім;
-инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттар.
Құрылысты салуға рұқсат қағазын Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы береді.
Жер учаскесінің тоқ қорғау аймағын ҚР ҚНжЕ 3.01-02-2001,7,18 тармақшасына сәйкес электр жүйесінің қорғау аймағын анықтау үшін, Сіздің орналасқан жер учаскесінің топографиялық бейнесін түсіру қажет.
Добавлен: 22.02.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января