Автор: Шаяхмет

#
Сәлеметсіз бе! Сіздерге үлкен өтініш, Панфилов ауылындағы, нақты айтсам С. Көбеев көшесінде күрделі жөндеу жасап берсеңіздердер. Бұл көшеге соңғы рет 1970 жылдары жасалған. Қазіргі уақытта бұл көшеде жүру мүмкін емес, әсіресе көктем күз айларында. Қашан жөндеу жұмыстары жасалады? Әкімшілікке бірнеше рет өтініш жазбаша түрде жазғанбыз. Бірақ ешқандай жауап жоқ, өкінішке орай.
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен сауалынызға, "Талғар ауданының жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары" бөлімі ММ, төмендегіні хабарлайды: 

Биылғы жылы Панфилов ауылдық округы Қызыл Ту ауылының Жанғазақов, Жібек Жолы көшелері, Панфилов ауылының Гагарин көшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Көбеев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар (ары қарай - ЖСҚ) даярлау қажет. Қазіргі таңда ЖСҚ даярлауға қаражат қарастырылмаған. Қаражат бөлінуіне байланысты ЖСҚ даярланып, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. 
Добавлен: 22.02.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января