Автор: Асель

#
Мен Павлова көшесіндегі 19 үй және Қастеева көш №5 үй тұрғындары атынан кеше Талғар әкімшілігіне звандадым 2-39-77. бұл телефоннан Төтенше жағдайға званданыз деп 2-82-60 телефонына қоңырау шалдым. Жазып алған болды, бірақ ешқандай хабар бермеді. Талғар қаласы Павлова көшесі 19 үйге бұрылыс жолмен жоғарыдан еріген су, жаңбыр суы жолды шайып ағып жатыр, бүгін екінші күн осылай жыл бойы қайталанып келеді. Жолды тұрғындардан жиналған ақшаға бірнеше рет төсеп көтергенбіз. Енді "Ақбастау" магазинінің жалға беріп отырған қожайыны магазин ауласын судан қорғау мақсатында, жол бойы төмен ағып жатқан қардын еріген лас суларын тура біздің жаяу жүргіншілер жолына бұрып қойған. Жанымыздағы 5 этажды екі үйдің тұрғындары, басқа да жекеменшік үйлер бар. Балалар мектепке осы суды кешіп барады. Бір адам өзінің пайдасы үшін қаншама халыққы қиыншылық тудырып отыр. Бірнеше рет айтылған ол кісіге. Шаң жуытпайды. Қашанғы шыдауға болады, шара қолдануларыңызды сұраймыз. Тұрғындардың бәрі наразылығын білдіріп жатыр. Өтінішке заңмен белгіленген уақытта жауап беруілеріңізді өтінеміз.
Ответ
!

Талғар ауданының әкімшілігінің сайтына келіп түскен арызға  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 35 бабының 2 тармағына сүйене отырып, Талғар қаласы, Павлов көшесі №19 мекен – жайға, Талғар қаласы әкіміің орынбасары Б.Куришбеков, Талғар қаласы әкімі аппаратының бас маманы С.Матан және жергілікті учаскелік инспектор шығып, төмендегідей хабарлаймыз:

«Ақ Бастау» дүкені иесіне тез арада арықты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы нұсқама берілді. Еріген сулар тұрғын үйлерді басу және авто көліктер жолдарын шаюдың алдын алу мақсатында, Талғар қаласы әкімі аппараты тарапынан құм салынған қаптармен еріген суларды бұру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бап 6 тармағына сүйенуге құқығыңыз бар екендігін хабарлаймыз.
Добавлен: 27.02.2018 г.
Тема:
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января