Автор: Карлыгаш

#
Сəлеметсізбе! Мен, осы ауданға қарасты Қайнар ауылдық округінің Даулет ауылы Оңтүстік ықшам ауданы Қ.Сұлтанбаев көшесі 54 қоныста тұрамын. Сізден, көшенің аты бар бырақ автокөліктер мен жая адамдар жүретін жол жоқ болғандықтан өз тарапыңыздан осы мəселені шешып беруіңізді сұраймын. Оған мына жағдайлар себеп, маусымдық жауын шашындар мен қардын зардабынан қозғалыс тоқтауы, жазда шаңның көтерілуі, жедел жəрдем кіре алмауы. Сонымен қатар электр желісі қашан тартылады, су құбыры жəне газ құбыры қашан жүргізіледі деген сұрақтарыма жауаб беруіңізді сұраймын. Байланыс тел 87084817547
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің, 06.03.2018жылы Талғар ауданы әкімінің сайтына қойған сұрақтарыңызға "Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ төмендегідей жауап береді:
1)    Ағымдағы жылы округ бойынша ауылдардың ішкі жолдарына тас-құм төсеу үшін аудандық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне сметалық құжаттар жасалынып, тапсырыс берілді. Қазіргі уақытта ауылдың ішкі жолдарын жасауға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуда. Бюджеттен қаржы бөлінген уақытта Дәулет ауылының ішкі жолдарына тас-құм төселінетін болады.

2)    Электр желісіне 2019 жылы жобалау құжаттары жасалып, 2020 жылы  тартылады деп жоспарлануда.
3)    Газ құбырына 2019 жылы жобалау құжаттары жасалып, 2020 жылы  тартылады деп жоспарлануда.
 
Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған сауалынызға, "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ-сі келесіні хабарлайды: 2017 жылы Қайнар ауылдық округы Еркін ауылы мен Айғаным ы.а. арасын жалғастыратын 3,8 км. жолға, Еркін ауылы  мен Даулет ауылы жалғастыратын 1,5 км жолға, Сарыарқа (ПГС Балласт) көшесіне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы Жаналық ауылының Айша бибі, Бекмаханов, Құрманқазы көшелеріне (асфальт қабаты), Дәулет ауылының Абай, Көктал ауылының Уәлиханов, Айтеке би, Қайнар ауылының Наурыз көшелеріне ПГС Балласт негізімен, ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қ.Сұлтанбаев көшесіне жөндеу жұмыстары қаражат бөлінуіне байланысты қарастырылатынын хабарлаймыз.

Добавлен: 6.03.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января