Автор: Жазира


#
Құрметті əкім !
Сізге Қызыл-Қайрат ауылының Т.Тоқтаров көшесінің тұрғындарының атынан хат жазып отырмын. Біздің көшемізде батпақтан көлік былай тұрсын жаяу жүру мүмкін емес жағдайда, балаларымыз мектепке өзіміз жұмысқа белшеден батпаққа батып әрең барамыз.Көше тұрғындары жиналып жолды өз ақшамызға жөндеп едік, былтыр əкімшілік, су жүргіземіз деп жолды қазып быт шытын шығарды. Оңтүстік Астанамыздың етегінде тұрғанымызбен тұрғындардың осы батпақтан əбден мазасы кетті. Тұрғындар қайта қайта ақша жинап жол жасайтын мүмкіндігі жоқ. Барлығы көпбалалы аналар мен бір Айлыққа қарап отырған жандар. Осы Қызыл-Қайрат ауылының басқа көшелерінің жолы асфальт табиғи газ жүргізілген, неге екенін білмейм ін осы Тоқтаров көшесі ғана жолсыз газсыз отыр. Күні бүгінге дейн шамамыз келгенше жеке қаражатымыздың есебінен свет су жолымыз ды жасап келдік, енді шамамыз жоқ.
Сізден өтініп сұраймыз жолымыз ды ел қатарлы асфальт төсеуге көмектесінізші.
 
Ответ

!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен сауалыңыз бойынша "Жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі"ММ келесіні хабарлайды: Т.Тоқтаров көшесі орташа  жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Сол себептен  алдымен жобалық-сметалық құжаттарын даярлау қажет. Қазіргі таңда Алатау ауылдық округы көшелеріне жобалық-сметалық құжаттар жасауға қаражат қарастырылмаған, қаражат бөлінуіне байланысты жобалық-сметалық құжаттар даярланып жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Добавлен: 14.03.2018 г.
 
 




Смотрите также

3 января

3 января

3 января

3 января