Автор: Нурмаганбетова

#
Жас отбасыга жерге кезекке турайынден барганымда. Жас отбасыларға ондай комек көрсету жок деп жауап берді. куиеуим мен 3айлык нарестемизбен енем бирге турамыз 1комнаталы квартирада. Тегин жерге кезекке тура алмаимынба . Жас отбасына жер берилмеима?
Ответ
!
Сәлеметсізбе! "Талғар ауданы жер қатынастары бөлімі" ММ-сі, Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына жаған сауалынызға келесіні хабарлайды:
Қолданыстағы жер заңнамаларының талаптарына (ҚР  ЖК 43-44 бабы) және Қазақстан республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы орган жер учаскесін беру мәселесін мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде қарайды.
Жоғарыда көрсетілген заң талаптарына сәйкес, Сізге сұралып отырған жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті ауылдық округ әкіміне жазбаша өтініш білдіруіңіз керек. Өтініш арнайы есепке алынып, өтініш иесі ЖТҮҚ алуға кезекке қойылады.
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін, жер учаскесін беру туралы жазған өтініш жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылымдары бар алаңдар дайын болған жағдайда кезектің келуіне қарай қанағаттандырылады.
Қазіргі таңда, Талғар ауданы аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуге арналған инфрақұрылымдары бар дайын алаңдар жоқ.
Сонымен қатар, аталған заң талаптарында жер учаскелерінің бөлінуі кезінде  жеңілдік қарастырылмағанын және кезекте тұрған азаматтардың құқықтары тең болып саналатынын қосымша хабарлаймыз.
Добавлен: 7.04.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января