Автор: Бота

#
Cәлеметсіздер ме? Мен Қызыл ту 1 ауылының Б.Момышұлы көшесінің тұрғынымын. Біздің жол өте жаман. Машина тұрмақ адамның өзі әрең жүреді. Көктем бойы мектепке бару үшін балаларымыз батпаққа батып, аяқкиімнің түр- түрін тоздырып біттік. Біздің жол қашан ретке келтіріледі?Осы сұраққа қанағаттандырарық жауап алғым келеді.
Екінші сұрағым. (Главный трассамен) көліктер өте қатты жылдамдықта жүреді. 40 деген жерден 80/100 км/с Өтеді. Осыны қадағалайтын адам бар ма? Әлде біреуді көлік қағып кеткенін күтіп отырамыз ба?
Үшінші сұрағым. Жаяу жол белгілері жаңартыла ма? Өйткені асфальттен өшіп кеткен. Жолдан жаяу өту мүмкін емес. Кішкентай баламен жүру өте қауіпті.
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған сауалынызға, "Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары" ММ, келесіні хабарлайды:

Биылғы жылы Қызыл Ту ауылының Жанғазақова, Жібек жолы көшелеріне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлініп, жарияланған конкурс қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын «АстанаСервисСтрои-А» ЖШС жүргізуде. Б.Момышұлы көшесіне жөндеу жұмыстары Панфилов ауылдық округі әкімдігінің өтінім беруі бойынша және қаражат бөлінуіне байланысты жүргізіледі. Қазіргі таңда Б.Момышұлы көшесіне жол жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылмаған.

Жаяу жүргінші жолдарының жолақ сызығын жаңалау жұмыстары мамыр айында басталады.

Добавлен: 13.04.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января