Автор: Гульназ

#
Әкім мырза! Мен Нұра ауылдық округінде тұрамын. Біздің аудан жаңадан үйлер салынып жатқан жаңа аудан. Бізге электр жарығын әлі заңдастырмағандықтан ай сайын электр бағандарынан қашқан токты төлеуге мәжбүрлейді. Неге екенін ешкім түсіндірмейді. Өз сөздерімен айтар болсам бұл "потерия". Осы уақытқа дейін заңсыз әрекетке көз жұмып, ай сайын 300-350 теңге көлемінде қосымша ақы төлеп келдік Енді осы мамыр айындағы есеп бойынша 1660 (мың алты жүз алпыс )теңге төлеуіміз керек екен. Бұл масқара емес пе? Қарапайым халық бұға берсе , сұға беру керек пе? Бұл жөнсізхдікті тыятын ж
адам бар ма? Әлде басқа шаралар қолдану керек пе? Мысалы телевидения шақырып, ашып айтуымыз керек пе? Сіз осы мәселені шешіп береді деп жазып отырмын. Жоғары жаққа да жазамын.
Ответ
!
Сәлеметсізбе! "Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ - сі, Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған, жарық желісі туралы сауалынызға келесіні хабарлайды:
Нұра ауылына қарасты  Нұра - 2 ықшам ауданында үкімет тарапынан қаржы қарастырылып жарық желісі жүргізілген. Қазіргі таңда жарық желісін жүргізу жұмыстарын толық бітпеуіне байланысты әлі пайдалануға берілген жоқ.
Тұрғындар жай серіктестік құрып, уақытша тартылған жарық желісін пайдаланып отыр. Осы ауқытша тартылған жарық желісінен тұрғындардың пайдаланған электр тоғының КВТ артық шыққан сомасын барлық тұрғындарға бөлу арқылы төлейді. Бұл электр тоғының (потерия) артық КВТ - ның Талғар ауданындағы "Энергосбыт" мамандары есептеп шығарады. Бұл құбылыс  барлық уақытша жарық желісі тартылған ықшамауданындарында болады.
Добавлен: 28.04.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января