Автор: Асел

#
Сәлеметсіз бе әкім мырза! Мен Талғар ауданының, Бесағаш ауылдық округіне қарасты, Бесағаш ауылы (6 км) тұрғынымын. Көшіп келгенімізге 10 жылдың жүзі болды. Жолдың бір жасалғанын көрмедік. Талғар даңғылының бойында орналасқан саябақ болып есептелетін 6 км орталық жолы жасалуы мүмкін бе? Ұзынқұлақтан естуімізше, Талғар даңғылынан санағанда 1 км жолды әкімдік жасап беруге мүмкіндігі бар екен. Жолдың қиындығы халыққа оңай тиіп тұрған жоқ. Сұрағыма жауап аламын деген үміттемін.
Ответ
!

Салеметсізбе! «Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына, 6 шақырымдағы орталық жолды жөндеу туралы жазған сұрағыныз бойынша төмендегіні хабарлайды:

2018 жылдың көшелерді жөндеу және асфальттау туралы жобасына сұраныс хатына Бесағаш ауылындағы төрт көше кірді.
Алматы-Талғар-Евгеньевка Республикалық маңызы бар жол бойындағы 6 шақырмдағы жол, 2019 жылдың жобалық сметалық құжаттамасына кіргізуге ұсыныс беріледі.
Көшелердің жөндеу және асфальттау жұмыстары қаражаттың бөлінгеніне байланысты жүргізілетін болады.
Добавлен: 11.05.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января