Автор: Сарсенова Нурфайруз Махкамбаевна

#
Құрметті əкім мырза мен Айғаным ауылының турғыны біздің ауылымызға ауыз суы, жол жəне мектеп қашан жəне қай уақытта болатыны жөнінде білгім келеді. Электор жуйесі қашан мемлекетке өтеді. Электор жүйесіне тусіниксиз қосымша ақша төлеп жатқанымызға 7 жыл уақыт болды. Уақыт тауып ауылымызға келіп осы мəселелерді көрсеңіз.
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен сауалынзға, " Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты" төмендегіні хабарлайды:

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Айғаным», «Ай-Абылай» мөлтек аудандары және Еркін ауылына су құбырын жүргізу үшін 2014 ж. облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен тендер ойнатылып, «АЙСЕМ и КО» ЖШС ұтып алған. Қазіргі уақытта Еркін ауылында су құбырын тартудың құрылыс жұмыстары жалғасуда.Сондай-ақ, мердігер компания ағымдағы жылы Еркін ауылы мен «Айғаным», «Ай-Абылай» мөлтек аудандарындығы су құбырын тартудың құрылыс жұмыстарын аяқтайтынын жеткізіп отыр.
2017 жылы мөлтек аудандардың орталық көшесі мен Еркін ауылының аралығын қосатын жалпы ұзындығы 3,82 шақырым болатын жолға асфальт жамылғысы төселді. Сондай-ақ, округ аумағындағы жаңақұрылыстардағы барлық көше жолдарына тас-құм төсеу үшін сметалық құжат жасалынып, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырыс берілді. Алдағы уақытта бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда мөлтек аудандардағы көшелерге тас-құм төселінетін болады.
Жаңақұрылыстарда 300 орындық мектеп салу үшін 1,7 га жер телімі бөлініп, мемлекеттік актісі дайындалды. Сондай-ақ, мектептің жобасын дайындауға қаражат бөлінді. Жоба дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаражат бөлініп мөлтек аудандардағы мектеп мәселесі шешімін табатын болады.
«Айғаным», «Ай-абылай» мөлтек аудандарындағы электр жүйесі Талғар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының құзырына қарайды. Мөлтек аудандарда электр қуатына жұмсалатын қаражатты
тұрғындардың қолдауы бойынша Алтаев Шалмырза жинайды. Қазіргі таңда электр қуатына төленетін төлемақының құны 1 квт-на - 27 теңгені құрап отыр. Жаңақұрылыстардағы электр жүйесін аудандық электр торабына өткізу үшін Талғар аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі қажетті құжаттарды жинауда. Алдағы уақытта арнаулы құзырлы органдардан электр жүйесін аудандық электр торабына өткізіп беру туралы қаулы шыққаннан кейін жаңақұрылыстардағы тұрғындар төлемақыны энергосбытқа төлейтін болады. Бұл мәселелер үнемі бақылауда.
Добавлен: 25.05.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января