Автор: Тұрдақын Тұрдыжан

#
Жаппай кəсіпкерлікпен даму бағдарламасы бойынша Алматы филиалы қаржылай қолдау қорынан 6000000 (алты миллион) кредит алып 21 ( жиырма бір) бас ірі қара сатып алып шаруашылығымды жүргізіп жатырмын .Ауыл маңында мал жайылатын өріс жер тар.Жайылым жер жоқ.Бар жердің барлығы жекеменшіктің қолында .Сол себепті мал бағуға қолайлы жайылым ,шабысы, суы бар жер жерден 200(екі жүз) гектар жер беруіңізді өтінемін. Барлық техника құралдарым бар.Менің осы өтінішімді қарастырып жер беруіңізді сұраймын.
Ответ
!
Сәлеметсізбе! "Талғар ауданының жер қатынастар бөлімі" ММ-сі, Сіздің аудан әкімінің электронды сайтына түскен сауалынызға төмендегідей хабарлайды:
Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу туралы заңнамалық актілеріне 2018 жылғы 04 мамырдағы "кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі 43-1 бабымен толықтырылды. Аталған баппен мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері реттеледі.
Осы бапқа сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу)
құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің келісілген тізбесін ауданның жергілікті атқарушы органы бекітеді. Конкурсты өткізу туралы ақпараттың қолжетімділігін қаматамсыз ету үшін әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады, және ауылдық  округ әкімдіктерінің халыққа қолжетімді жерлерді арнаы ақпараттық стендтерінде орналастырылады.
Баяндалғанның негізінде, сұралып отырған жер учаскесін алу үшін Сізге жоғарыда белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға құқығыныз бар. қазіргі ауқытта, аудан аумағында конкурсқа тшығарылатын жер учаскелерінің тізімі дайындалуда.
Добавлен: 26.05.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января