Автор: Эльмира

#
Мен Талғар қаласындағы «Нұр» қайырымдылық жанұя балалар үйінің түлегімін. Ата-анамнан айырылып «Нұр» қайырымдылық жанұя балалар үйінде тәрбиелендім. Мектепте жүргенімізде алаңсыз едік, қазір баспанасыздықтан қатты қиналып жүрмін. Анамыздың ұйымдастыруымен талай есікті қағып жүріп 12,3269 га жер бөлінді. Түгел құжат жасалынды, бәріде анамыз Есхожина Тұяқ Қаскенқызының қолында. Арнайы бөлінген жерге пәтерлі үй немесе жатақхана салуға, ол жердің электр жарығы мен суын тарту, жерді қоршау үшін біздің жағдайымыз жоқ. Себебі әкімнің шешімі бойынша «Жер учаскесіне уақытша өтеулі 49 (қырық тоғыз) жылға ұзақ мерзімді пайдалану құқығын беру туралы» жанұя балалар кешені және жатақхана құрылысы жүргізілуге берілген.
Ол жердің бәріне пәтер салынбайтын шығар, салынса да, ол қай уақытта салынып бітеді?! Мен болсам анда-мұнда пәтер жалдап, көрінгеннің есігін қағып, табалдырығын тоздырып күн көріп жүрмін.

Қолымда бары құжаттардың көшірмелері ғана, олар:
1. 06.09.2006 ж ҚР Конститутциялық сотының мүшесі Ерсерік Қайноллаұлы Қасымбековтың шешімінде көрсетілген 6 га жер Кеңдала аумағында, 5,45 га жайылым жер берілген.
2. Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Т.Өмірәлиевтің 25.07.2011ж №07-601 қаулысымен 0,9952 га. Бірақ бізге белгісіз жағдайлармен аудан әкімінің орынбасары Т.Джумагуловтың 28.11.2014ж №11-2379 қаулысымен 0,9952 га жер 0,8769 га өзгертілген. Жер бөлініп пайдалануда кедергілер көрсетілмейді делінген.

Мұнда көрсетілген жерлерге жанұя балалар кешені мен жатақхана құрылысы жүргізілген жоқ. Бізге бұйыратынына да күмәнім бар. Қайыр жоқ. Неше түрлі сылтау айтып келді. Осы уақытқа дейін де талай рет жазып, талай рет бұрынғы әкімге барған болатынмын.
Аталған жерлерден болмаса да, баспанасыз жүрген Маған тым болмағанда 5 соты жермен немесе тұрғын үймен көмектессеңіз екен. Басқа қалаларда біз сияқты балалар 18-жасқа толғаннан кейін пәтер алып жатады, ал біз болсақ Балалар үйінен шыққаннан кейін өз күнімізді өзіміз көріп жүрміз. Жер алуға жағдайым жоқ! Тапқан табысым еш жиналмайды. Жүрек ауруымен тіркеуде тұрмын. Жетімдерді жебеген мемлекет азаматы ретінде Сізге үлкен сенім артамын, Рамазан айында бір жақсылық жасасаңыз екен.
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы  әкімінің сайтына жазған сауалынызға, "Тлғар қаласы әкімінің аппараты" ММ-сі, төмендегіні хабарлайды:
Талғар қаласы, "Жаңа" мөлтек ауданында, 0,8769 га көлемінде "Нұр" қайырымдылық жанұя балалар үйі кешені және жатақхана құрылысына қызмет көрсету  үшін талғар ауданы әкімдігінің 2011
жылғы шілдедегі №07-601 қаулысымен 49 жылға ұзақ мерзімді пайдалану құқығымен жер учаскесі пайдалануға берілген. Аталған жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтылған. Талғар ауданының
бюджетінде "Нұр" қайырымдылық жанұя балалар үйі кешені және жатақхана құрылысына қаржы қарастырылмаған. Құрылыс нысанын жүргізу үшін Сіздерге демеушілерге жүгіну қажет.
Сіз тұрғын уй салу үшін жер сұрап жазған өтінішіңіз бойынша 27.10.2015 ж. №6586 болып жер тізімінде тіркелгенсіз. Жеке тұрғын уй құрылысын үшін алаңдардың дайындығына қарай жер учаскелерінің 
бөлінуі мәселесі Республикасының Жер Кодексіне және ҚР Ұлттық Экономика Министрінің 2015 жылғы 27 наурызындағы №255 бұйрығының тұрғын уй салу үшін жер телімін бөлу ережесінің 3 тармағының 27
тармақшасына сәйкес қарастырылады. Қазіргі таңда, Талғар қаласының Бас жоспарына сай тұрғын уй құрылысын салуға арналған дайын алаңдар бөлініп жатқан жоқ.
ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі" туралы заңының 12 бабына сәйкес  жеке және заңды тұлға лауазымды адамдардың іс-әрекетіне /әрекетсіздігіне/ немесе өтініші бойынша қабылданған шешіміне шағымдануға құқылы екендігіңізді мәлімдейміз.
Добавлен: 28.05.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января