Автор: Зәуре

#
Қайырлы күн! Алматы - Талғар трассасының бойынша, Жолбарыс базарының жанындағы бағдаршам тұсында жол ортасы ойылып түсіп кеткен. Шұңқыр болып жатыр. Апатты жағдай тууы мүмкін. Осы мәселеге кім жауапты?
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған сауалынызға, «Талғар ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ – сі төмендегіні хабарлайды.

Алматы-Талғар-Евгеньевка титул бойынша республикалық маңызы бар жол. Барлық жұмыстар «КазАвтоЖол» ҰК АҚ құзырында. 13.06.2018 жылы №86-02-86/1746 аталған мекемеге жолды жөндеу туралы хат жолданған, сонымен қатар 07.06.2018 жылы аудан әкімінің төрағалығымен жиналыс өткізіліп, хаттамамен тапсырма берілгенін хабарлаймыз.

Добавлен: 7.06.2018 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января