Автор: Фариза


#
Сәлеметсіз бе Құрметті Рыскелді Ахметқалиұлы, мен Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы жаңадан салынған Алма Тау тұрғын үйінде тұрамын, сол жерге көшіп барғаныма 5 ай болды. Өздеріңіз білетіндей үй тура Талғар трассансының бойында орналасқан, жолдың жиегінде не тратуар жоқ, күнде таңертең және кешке бағдаршам өшіп тұрады. кәзіргі уақытта күн жаңбырлы, қар жауып жатыр жол батпақ, лай, су, бізге жүретін жер жоқ, бізде бәрінің балалары бар, олар мектепке, бала бақшаға барады, жолдың арғы жағындағы аялдамаға бару үшін жолдан өте алмай 20 минут тіпті 1 сағаттап тұрып қаламыз! күнде осындай жағдай. аңғы және кешкі уақытта көліктер трассаның шетімен жүріп, тіпті біздің жүруімізге мүмкіндік бермейді! Бұл мәселені қалай шешуге болады? Жауап беретін адам бар ма?
 
Ответ

!

«Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Сіздің Талғар аудан әкімі аппаратының ресми сайтына жазған өтінішіңіз бойынша, төмендегідей мәлімет береді:

Құрметті, Фариза! 2018 жылы «Талғар аудандық Жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 (он бір) қоғамдық жұмысшы тіркелген. Осыған орай, Алматы-Талғар-Евгеньевка трассасы Республикалық маңызы бар жолы болғандықтан, күнделікті қоғамдық қызметкерлердің күшімен жол бойын, арық жүйелерін тазалау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 16-қарашасында Бесағаш ауылы, Райымбек батыр көшесі Талғар күре жолында орналасуына орай, Н. Тілендиев көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілердің жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам орнату жөнінде «Талғар ауданының жолаушылар көлігі тасымалы және автомобиль жолдары» ММ-не хат жолданды.

Аталмыш мәселе Бесағаш ауылдық округі әкімінің қатаң бақылауында

Добавлен: 6.11.2018 г.
Тема:
 
 




Смотрите также

25 октября

25 октября

27 октября

28 октября