Автор: Тленшиева Базаркуль Бейсенбекқызы

#
Құрметті Рыскелді Ахметқалиұлы мен  5баланың анасы  ,жесір анамын .Осы уақытқа дейін  Еркін ауылы әкімшілігнен бір көмек ала алмай өзіңізге жазып отырған жайым бар .  Күзде отын көмір десем жұмыс істейсіз ғой дейді. Мен інімнің есік алдында времянкасында тұрам .  Бір жыл бұрын   әкімнің көмекшісі келіп үйді айланып ,мына үйіңіз бір күні басып қалмасын ,қолдан келгенше көмектесеміз деп  басу айтып кеткен ,бір шыбық түсіруге жарамаған адамдар не көмек береді .Мен саниторка болып істеймін  айлық48мың енді ғана болды Қызым ақылы мед колледжде оқиды,мектепте оқыйтын бала бар   Бір басымда 4 кридит бар ,өзіңіз ойлап көріңізші сонда біз тамақ ішпейміз ба?  .Мешіттен қарапайым халық жәрдем береді сол құрлы болмағаны ма?Үкіметіміз ? Жерге қызымды жазғызғаныма екі жылдан асты бір Алла біледі біз тізімнен қашан көрінеміз?  Жақындағы жағдайдан кейін менің  жұмыста  тек  бейнем ғана жүреді бүкіл ойым үйде болады балаларды үй басып қала ма? Ескі сымдардан өрт шыға ма?деп .Құрметті халықтың үміт күтер азаматы  ендігі бір үмітіміз Бір Аллада сіз себепкер болар деген   Үзілмеген  Үміттеміз..
Ответ
!

Салеметсізбе! Сіздің, 07.02.2019 ж. Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған хатыңызды қарай келе, «Талғар ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі төмендегіні хабарлайды:

Талғар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне «Атаулы әлеуметтік көмек» алу үшін қажетті құжаттарыңызды (жеке куәліктің, балалардың туу туралы куәліктерінің, жолдасыңыздың қайтыс болғанын растайтын куәліктің көшірмесі) тапсыра аласыз. Сондай-ақ, сіздің шағымыңызды қанағаттандыру мақсатында округ аумағынан демеушілер қарастырылуда. Көмек көрсете алатын демеуші табылған жағдайда отын, көмір түсіріп берілетін болады.

Қазіргі уақытта Қайнар ауылдық округі аумағында жеке тұрғын үй салу үшін белгіленген немесе нақты жоспарлық жобалары дайындалған жер телімдері болмағандықтан, сіздің өтінішіңізді қанағаттандыру мүмкіндігі жоқ. 

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының 12 бабына сәйкес берілген жауапқа келіспеген жағдайда жоғарғы тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз.

Добавлен: 7.02.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января