Автор: утепова Советкул Жумадиловна


#
Саламатсыздар ма ? Біз Қызылту ауылының тұрғынымыз,жұмысымыз қалада . Қаладан автобуспен қатынап жұмыс істейміз.Қызылту елді мекеніне бір ғана 418 номерлі автобус жүреді.Ай -абылай ,Айғаным,Қызылту 1,2,3,4 елді мекндеріне.Халық өте көп автобусқа таңертең және кешкісін әзер сыйып қайтамыз,көбісі таксимен қайтады. Менің сұрағым;Қызылту елді мекеніне қашан дұрыс автобус беріледі үлкендеу іші таза .Аудан әкімі халықтың жағдайын көру керек деп ойлаймын .Таңертең бір күн ерте шығып қараса не өзі не көмекшілері .Мектеп жасындағы балалар ,студенттер,жұмыс істейтін адамдар өте көп.
 
Ответ

!

Сәлемтсізбе! Сіздің, Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен сұрағыңызға, «Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-і  төмендегідей жауаб береді: 

Қызыл Ту4 ауылымен Алматы қаласына қатынайтын № 418 бағытқа үлкен автобус берілу туралы өтінішіңіз бойынша «Панфилов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі Алматы қаласы манындағы ауылдарға жолаушы тасымалдаумен айналысатын «Саяхат» ЖШС-не автобус бөліп беру туралы хат жолданғандығын жеткізеді және аталған мәселе бойынша жауап келіп түскен кезде қосымша хабарланатын болады. Алматы қаласынан шығатын автобус бағыттары Алматы қаласының жолаушылар тасымалдау басқармасының құзіретіне жататындығын және Талғар ауданы әкімінің өкілеттігіне кірмейтіндігін хабарлаймыз.

Аталған жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.

Добавлен: 20.02.2019 г.
 
 




Смотрите также

3 января

3 января

3 января

3 января