Автор: Жарылқасын

#
Құрметті Сатбаев Рыскелды Ахметкалиұлы! Мен Яхия Жарылқасын Нысанбайұлы, Қайнар ауылдық округі, Дәулет аулының тұрғынымын! Сізге үлкен өтініш!Осы ауылда тұрып жатқанымызға міне 5 жыл толғалы отыр, алайда бірде-бір рет ауыл әкімін көрген емеспіз, жылдың басында келеді мұғалімдерге, ауылдың шөпке тышарларына есеп беріп кетеді, былай мүлде көрген емеспіз. Ауылдың жағдайын айтсам өте төмен, новосстройка жақта тұратындарымыз электричествоға қолма қол 1 киловатқа 28 тенгеден төлейміз, нағыз халықтың ақшасын жеу ғой бұл! Үкімет бекіткен 16 тенгеден екі есе қымбат! Бұл жарайды, ауылдың новостройкадағы көшелеріміздің жағдайы нағыз болото, көлік түгілі, адам басып жүре алмайды, ауыл емес, болотаның ортасында өмір сүріп жатқандаймыз, әйтеуір мектеп салып беріп жатырсыздар, ауыр салмақты көліктер ары беріп өтіп, жолдың жағдайы тіптен нашарлап кетті, үлкен трассаға шығу үшін тізеден балшыққа батамыз, осы дұрыс па? Одан қалса ауылдың маңайы керегі бар керек емесі бар неше түрлі зауыт,фабрикалар орналасқан, қалдықтарын ашықтан ашық көшеге тастайды, сасыған иісі бүткіл ауылды алады. Дәлел ретінде фото жіберейін десем, вложить етілмейді екен. Сенбесеңіз осы ауылға келіп бір күн тұрып көріңіз! Аудан әкімі ретінде мына жағдайды қолға алуыңызды сұраймыз! Бізге нақты, қанағаттанарлық жауап бермесеңіз, БАҚ құралдарын шақырып, көшені жабамыз!
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданының әкімінің сайтына жазған хатыңызды қарай келе, «Талғар ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі төмендегіні хабарлайды:

Дәулет ауылындағы трансформаторлар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің құзырына қарайды. Қазіргі таңда ауылдардағы трансформаторды Алатау жарық компаниясына (АЖК) өткізіп беру үшін аудандық ТКШ және ТИ бөлімі қажетті құжаттарын дайындауда. Бұл мәселе үнемі бақылауда.

Округ аумағындағы елді-мекендердің көше жолдарына тас-құм төсеу үшін аудандық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне сметалық құжаттар дайындалып, өтінім берілді. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда Дәулет ауылындағы көшелерге тас-құм төселінетін болады.

Дәулет ауылының маңындағы кәсіпорындар үкіметтің рұқсатымен стандартқа сай ауылдан қашық орналасқан. Сондай-ақ, кәсіпорын иелерінің өздерінен шығатын қалдықтарды рұқсат етілмеген жер учаскелеріне төгетіндігі туралы дерек анықталмады.

Добавлен: 27.02.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января