Автор: ТленшиеваБазркул Базаркул Бейсенбековна

#
Құрметті біздің ауданымыздың "Нұр Отан" партиясының басшылары. Мен сіздерден сұрайтын дегенім мен де "Нұр отан" отан партиясының мүшесімін ай сайын салым ақы төлеп тұрамын . Ал менің басыма күн туып отырған кішкентай сарайымды су алып кеткенде жәрдем түгілі баға алмасаңыз неге тудыңыз деп мені жәбірледі мен балаларыма тамақ сұрап барғандай мен олардың әкелері ерте қайтатының білетін көріпкел емеспін біріншіден,екіншіден бұл табйғат апаты ғой көмек сұрауға қақым бар! Бізден сұрамай салым ақысы алынады ғой? Менің бір басымда 5 кридит бар ауылдасымыз жеке қожалық иесі Баратпекұлы Қасенхан ағамыз 100 мың бен Нұрдаулетов Сұлтанның аудандық маслихат депутатарының атынан әкелген 100мың мені бір кридиттен құтқарғаны үшін мың алғысымды айтамын .қазір тағы су көтеріліп келеді есігіміздің алдынан жүру мүмкін емес болып жатыр сіздерден өтініш осы жағдайды өз көздеріңізбен көріп кетсеңіздер? Мен көп жазғаннан сіздердің бір көргендеріңіз дұрыс болар деп жазып отырмын . Мына сарай құлап кетпей тұрғанда
Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің Талғар ауданының әкімінің сайтына жазған хатыңызды қарай келе, «Талғар ауданының Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі төмендегіні хабарлайды:

Сіздің, арызыңыз бойынша жергілікті әкімдіктен мамандар барып, үйіңіздің жағдайымен танысты. Еркін ауылы ойлы (төмен деңгейде) жерде орналасқандықтан, жылдың көктем және күз айларында ауылда жерасты суы көтеріледі. Бұл мәселе ауылдың орналасу деңгейіне тікелей байланысты.

Алдағы уақытта үйіңіздің құрылыс жұмыстары басталған кезде, округтегі жеке кәсіпкер Ауелбаев Қасенхан арнайы техникамен көмек көрсетуге дайын.

Добавлен: 1.03.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января