Автор: Гульнур

#
Сәлеметсіз бе, Сатбаев Рыскелді Ахметқалиұлы мырза, мен Г.К.Айтбаева, Талғар қ., Кеңдала ауылы, Наурызбай батыр көшесі 10 үй тұрғынымын.


Мен, кәріз жүйесі туралы АРЫЗымды 2018 жылдың ақпан айынан, қараша айы аралығында Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппаратына, Талғар ауданының әкіміне, Талдықорған қаласының әкіміне, Талғар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына, Талғар ауданының прокуратурасына, яғни бес уәкілетті органдарға шағымданған болатынмын.
Талғар ауданының әкімдігінің 2018 жылы 6 қарашасындағы шығыс № 86-04-86/3447 соңғы хатында: Кеңдала ауылдық округі әкімдігі тарапынан жер телімі қарастырылуда, «Жоба-Дизайн» ЖШС тарапынан кәріз жүйесін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құрылыс жұмыстары 2019-2020 жылдарға жоспарланған делінген болатын.
Осы мәселе көтеріп, ізденгелі 1 жыл уақат өтті! Бүгінгі күні нақты қандай жұмыс, шара жасалынды, жер телімі бөлінді ме, сметалық құжат әзір ме, құрылыс жұмыстары қалай болып жатыр. Осы сұрақтарға жауап жазуыңызды сұраймын.
Өйткені үйіміздің жанындағы канализация суы лық толып үйге ағып жатар. Жаз мезгілінде айына 1-2 рет тартылса, қыс түскелі мүлдем тартылған жоқ, тартылса да ертеңінен қайта қалпына келеді. Кілкілдеп тұрған сасық судың ауасын жұтып, аяқпен басуға мәжбүрміз. Қыстың суық күннің өзінде мүңкіп иісі шығып, кілкілдеп тұрады. Бұл жылдар бойы қайталанып келе жатқан жағдай.
Бұған шыдау мүмкін емес. Сізден менің мәселемді төтенше жағдай деп қарауыңызды, 2019 жылдан қалдырмай, Заң бойынша қарастырып канализация мәселесін түгел шешіп беруіңізді сұраймын.

Ответ
!

Сәлеметсізбе! Сіздің, Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған Кеңдала ауылы Смыков көшесінде орналасқан көпқабатты үйлерден ағып жатқан кәріз суына байланысты  өтінішіңізге орай төмендегіні хабарлаймыз:

Кеңдала ауылы, Смыков көшесі №14 көпқабатты үйдің септигінің жылдам толып кетуі салдарынан, кәріз суы септигінің маңайында орналасқан тұрғын үйлер мен Алматы көшесінің бойында орналасқан үй тұрғындарына санитарлық-экологиялық қауіп төндіріп тұрғандығы жөнінде құзырлы органдарға бірнеше мәрте хат жолданғандығын хабарлаймыз.

Жолданған хаттарға сай, «Талғар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» ММ-нің берген жауабында, Кеңдала ауылына кәріз жүйелерін салуға «Жоба Дизайн» ЖШС жобалық сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) даярлап жатқандығы, ЖСҚ-сы дайын болғаннан кейін бюджеттік өтінім берілетіндігі айтылған болатын. Кеңдала ауылына кәріз жүйелерін салу ЖСҚ-сы дайын болғаннан кейін, қаражат бөлінуіне қарай жұмыстар 2019-2020 жылдарға жоспарланған.

Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан 2018 жылдан бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен пәтер иелерінің кеңесін (бұдан әрі – ПИК, (КСК) құру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірнеше мәрте жиындар ұйымдастырылды.

Кеңдала ауылы Смыков көшесі №14 көпқабатты үйдің мемлекеттік актісі жасалынған, үлескерлер үлесін анықтау бойынша Талғар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөліміне хат жолданып, бүгінгі күні аталған үйдің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған кондоминиум объектісінің құжаттары толық рәсімделгеннен кейін, кәріз жүйесін жасауға бюджеттік өтінім беріліп, қарастырылатындығы туралы мәлімдейміз.

Кеңдала ауылы Смыков көшесінде орналасқан №14 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының тарапынан қаражат жинақталып, су сорғызу жұмыстары ай сайын жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңның 14 бап 6 тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқылысыз.

Добавлен: 11.03.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января