Автор: Сабит

#
Ассаламу алейкум кендалаға карасты енбекші ауылы ішетін су жайлы ауылда су жок кімнен сураймыз кімге барамыз кашан тартылады жоспарда барма
Ответ
!

«Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі, Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған өтінішінінізге орай, төмендегіні хабарлаймыз:

Осы уақытқа дейін су алып отырған СПХК Алматының дебиті су қоры (запас су) таусылды. Алматы-сумен келісіп, 08.12.2018 жылы Еңбекші ауылы №39 мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен өткен жиында тұрғындар арасынан Нышанов Талғат Жеке кәсіпкер (ИП) ретінде құрылып аудандық Кірістер басқармасына тіркелді. «Алматы-су» шаруашылығы, Кеңдала ауылдық округі әкімі аппаратымен және Жеке кәсіпкер (ИП) Нышанов Талгатпен Еңбекші ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін үш жақты келісім шарт жасалып қазіргі таңда ауылға ауыз су құбырлары тартылып жатыр. Келісім шартқа отыру арқылы ауыз суды ресми түрде(официально) алатын боласыздар.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » Заңының 14 бап, 6 тармағына сәйкес берілген жауапқа келіспеген жағдайда жоғары тұрған орган немесе сотқа шағым жасауға құқылысыздар.

Добавлен: 6.04.2019 г.
Тема:
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января