Автор: Бахтияр

#
Төңкеріс ауылына, қашан газ құбырын толықтай тартып бітіреді, тосып жүргенімізге 5 жылдай болды.
Ответ
!

«Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-і Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына түскен өтінішіңіз бойынша, төмендегіні хабарлаймыз: 


Төңкеріс ауылын газдандыру мақсатында 19.02.2018 жылы Алматы облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісілген "Жетісу-ОблГаз" ЖШС және "SK Enginering & Construction" ЖШС арасында консорциум шарты (бірлескен қызмет шарты) жасалды. Консорциум шартына сәйкес "SK Enginering & Construction" ЖШС Төңкеріс ауылына газ жүргізу жұмыстарын 2018-2019 жылдары жүзеге асыруға міндеттеледі. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 %-ы атқарылып отыр. Атап айтқанда, Төңкеріс ауылының 3 көшесі толығымен газға қосылуға дайын, олар: Әубәкіров, Титов және Мақатаев. Одан басқа, 211 үйдің ауласынан газ трубалары өткізілген. Жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде, 2019 жылдың тамыз айында газ жүргізу жұмысы толығымын бітуі күтілуде. Басқа да нақты сұрақтарға жауапты сіз "SK Enginering & Construction" ЖШС-ң жауапты тұлғаларынан ала аласыз (тел.: + 7 708 311 71 77 Мұрат).

Аталған жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңына сәйкес жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануыңызға болады.

Добавлен: 7.04.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января