Автор: Бижамал

#
Рыскелді Ахметқалиұлы сәлеметсіз бе. Сізге қояр сұрағым. Мен 2006 жылдан бері жер кезегінде тұрмын. Тұздыбастау елді мекенінде. Елбасымызға хат жазғанымда, Тұздыбастаудың әкімі өз қабылдауына шақырып бұл сұрақты шешем, екі аптадан кейін сағ 14.00 акиматқа келіңіз деген болатын. Бірақ әлі жауап жоқ. Телефонында көтермейді. Талғардың акиматынан Мандыбаева Анаргуль ханымда келген болатын. Сізден бір жауабын күтемін.
Ответ
!

«Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен сауалынызға төмендегі жәйды хабарлаймыз:

Сіздің «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығының 14, 27 тармақтарына сәйкес, 14.10.2006 ж. №89 кезекке тіркелген.

Тұздыбастау ауылдық округінің шаруа қожалық иелерімен кездесіп, сұхбаттасу барысында шаруа қожалық иелері бүгінгі күнге бөліп беретін жер телімдері жоқ екенін түсіндірді.

Осыған орай, бөлініп берілетін алаңдардың дайын болмауына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда өтініші қанағаттандырылатынын хабарлаймыз.

Добавлен: 28.04.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января