Автор: Талғар ауданы, Кеңдала ауылының тұрғындарының атынан

#
Салеметсізбе Сатбаев Рыскелды Ахметкалиевич! Мен Талғар ауданы, Кеңдала ауылының тұрғынымын. Бізге 2018ж көшелерімізді қазды, су жүргіземіз деген. Бүгінгі күнге дейін әлі су келмеді, және тұрғындар өзіміз Маилин көшесіне тас төгіп 2017жылы ғана жөндегенбіз. Бәрін қазып кетті оны да жөндемеді. Судың келуі мен жолдың жөнделуін қанша тосуға болады? Осы сұрақтар жөнінде сізге өзіңізге жолығу керек па тұрғындармен, әлде телеканал шақыру керек па? Жауабын күтеміз.
Ответ
!

Сіздің, Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған сауалынызға, "Кеңдала ауылдық округінің әкімдігі" ММ-сі  төмендегіні хабарлайды:

Бүгінгі күні Кеңдала ауылында жалпы құны 367,8 млн. теңге құрайтын «Кеңдала ауылындағы су құбыры желісін реконструкциялау және салу» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімі – 8 ай. Жоба желілерінің ұзындығы – 35,7 шақырым. Бөлінген қаражат бойынша электронды конкурс жарияланып, «Глобал Трейд Центр» ЖШС мердігер болып танылды. Қазіргі таңда Кеңдала ауылындағы көшелерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін ауыз су беріліп, жол жөндеу мақсатында бюджеттік өтінім берілетіндігін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңның 14 бап 6 тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқылысыз.


Добавлен: 22.05.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января