Автор: Гульнур

#
Сәлеметсізбе. Менің Кеңдала ауылы, Смыков көшесіндегі орналасқан көпқабатты үйлерден ағып жатқан кәріз суына байланысты АРЫЗды жеті құзырлы органдарға жазған болатынмын. Соңғы Талғар әкімінің 2019 жылдың 11 наурызындағы сайттағы жауабыңызда сметалық құжаттама даярлануда, 2019-2020 жылдарға жоспарланған, су сорғызу жұмыстары ай сайын жүргізілуде дегенсіз.
Менің арызымды ондай ұзақ уақытқа ысырып тастауға болмайтындығы, апаттық мәселе туралы екенін тағы айтқым келеді. Өйткені сіз жазғандай су сорғызу жұмыстары ай сайын жүргізілмейді (тұрғындар оған куә), қыста тіпті 1 рет қана тартылды. Бүгінгі күні яғни 28.05.2019 ж. Талғар Су Құбыры жаңа трубалар салу үшін көше бойын түгел қазып, қайта көмді. Осының салдарынан көше бойындағы канализация суы ағу үшін өзіміз қазған арық жабылып, су үйге ағып жатыр. Күнделікті аңдып, боқ суды күрекпен топырақ тасып жауып отыру керек. Жауынды күндері сол боқ суды аяқпен кешеміз, сасық иісі мүңкіп, жүрек айнытады.
Жауабыңызда 2019-2020 жылдарға жобалық сметалық құжат даярлануда, сәулет және қалақұрылыс бөлімі №14 үйдің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде, кондоминиум объектісінің құжаттары толық рәсімделген кейін, канализация жүйесін жасауға бюджеттік өтінім беріледі деп айтылған. Бұның бәрі қай жылы бітеді? Ұзақ шаруа.
Ал, канализация суы осы жұмыстардың бәрін аяқталуын тоса алмайды!!! Тоқтап қалмайды!!! Бұдан әрі тек сол суда жүзетін болармыз.
Ответ
!

Сіздің, Талғар ауданы әкімінің сайтына жазған сауалынызға, "Кеңдала ауылдық округінің әкімдігі" ММ-сі  төмендегіні хабарлайды:

Кеңдала ауылы, Смыков көшесі №14 көпқабатты үйдің септигінің жылдам толып кетуі салдарынан, кәріз суы септигінің маңайында орналасқан тұрғын үйлер мен Алматы көшесінің бойында орналасқан үй тұрғындарына санитарлық-экологиялық қауіп төндіріп тұрғандығы жөнінде құзырлы органдарға бірнеше мәрте хат жолданғандығын хабарлаймыз.

Жолданған хаттарға сай, «Талғар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» ММ-нің берген жауабында, Кеңдала ауылына кәріз жүйелерін салуға «Жоба Дизайн» ЖШС жобалық сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) даярлап жатқандығы, ЖСҚ-сы дайын болғаннан кейін бюджеттік өтінім берілетіндігі айтылған болатын. Кеңдала ауылына кәріз жүйелерін салу ЖСҚ-сы дайын болғаннан кейін, қаражат бөлінуіне қарай жұмыстар 2019-2020 ж. жоспарланған. Аталған мәселеге байланысты қазіргі таңда кәріз суын жіберуге арналған сорғы (канализационно насосная станция) орнату үшін 8 жер телімдері айқындалып, бағалау жұмыстары жүргізілуде. Айқындалған жер телімдері мемлекет мұқтажы үшін сатып алынғаннан кейін жұмыстар жалғастырылатын болады.

Кеңдала ауылы Смыков көшесінде орналасқан №14 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының тарапынан қаражат жинақталып, су сорғызу жұмыстары ай сайын жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңның 14 бап 6 тармағына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) не өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге шағым жасауға құқылысыз.

Добавлен: 28.05.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января