Автор: Амир Атагельды ұлы Исмаилов

#
ҚҰРМЕТТІ РЫСКЕЛДІ АХМЕТҚАЛИҰЛЫ!
2018 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНДА БЕСАҒАШ АУЫЛЫНА ҚАРАСТЫ "Самал" саяжайына (6км) 1км көлемінде асфальт салынып еді. Алайда, қуанышымыз көпке созылмады, салынған асфальттың сапасы сын көтермеді. 3 айдың ішінде тоз-тозығы шығып, үлкен шұңқырларға айналып шыға келді. Осы сұрақ бойынша көктем шыға сала ауылымыздың бірқатар азаматтары әкімшілікке талай мәрте хат жазды. Әкімшілік қызметкерлері келіп, жолдың әлі кепілдемесі бар екенін , сондай-ақ алдағы уақытта жасалатынын айтқан. Десек те, уақыт өте келе, жолдың кепілдеме мезгілі де таяп келеді.
Сізден сұрайтынымыз, осы мәселені шешуге ықпал етуіңізді сұраймын.
Ответ
!

Сәлеметсізбе! «Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Сіздің Талғар ауданы әкімінің атына жазған өтінішіңіз бойынша төмендегіні хабарлайды.

Өтініште көрсетілген мәселе бойынша «Самал» саяжайындағы 6-шы шақырымдағы жолды, 2018 жылдың қараша айында «Leader NSK» ЖШС-ы мердігер мекемесі асфальт төсеу жұмыстарын жүргізді.

«Leader NSK» ЖШС-і мекемесі келісім-шарт бойынша бір жылға кепілдеме берген.

Қазіргі уақытта «Leader NSK» ЖШС-і мекемесі  2019 жылдың 09-шы маусым күні"Самал" саяжайындағы 6 шақырымдағы жолдағы пайда болған шұңқырлардың барлығына асфальт төсеп қалпына келтірді

Добавлен: 30.05.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января