Автор: Мұрат

#
Сəлеметсіздерме! Менің есімім Мұрат Досаналиев. Сіздерге тəжірибелі теолог маман қажет емеспе? Еңбек өткелім 6.6 ай. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" - да қызмет атқарып жатырмын. 87023789625
Ответ
!
Құрметті Мұрат Досаналиев! Бүгінгі күні Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдарында «теолог» мамандығы бойынша бос лауазымдар жоқ. Егер Сіз, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға ниет білдірсеңіз, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес конкурс арқылы бос лауазымға орналасуыңызға болады. Бос лауазымдар туралы мәліметті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-сайтында және Талғар ауданы әкімдігінің ресми интернет-сайтында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жарияланған конкурстарды көре аласыз.
Добавлен: 7.07.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января