Автор: Меиркуль

#
Құрметті Талғар ауданының әкімшілік басшысы, мен Тұздыбастау ауданы, Айжарық ауылынының тұрғынымын. Сізге сұрақ емес үлкен өтініш ретінде хат жолдап отырмын. Алатау трассасымен Алматы қаласына қатынайтын автобустар қосуларыңызды сұраймын. Тек 54 автобус қана, күннен күнге тұрғыны көбейіп, үлкейіп жатқан ауылдарға ол аздық етеді. Мектеп уақыты басталғанда балаларымыздың мектепке қатынауы өте қиын. Сондықтан, қыркүйек айына дейін (яғни, мектеп басталғанға дейін) көбірек адам тасымалдайтын автобустарды көбейтсеңіздер жақсы болар еді деген өтінішімді жерге тастамассыздар деген үмітпен жазып отырмын. Рақмет!
Ответ
!
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласынан 50 шақырым радиусында кіретін барлық автобус маршруттары, Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы құзыретіне жатады. Сол себепті өтінішті Алматы қаласының мобилдік басқармасына жолдау қажет.
Добавлен: 19.07.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января