Автор: Нургуль

#
Сәлеметсіздер ме? Менің қойғым келген сұрағым: Талғар ауданына карасты Тұздыбастау ауылы "Дипломмен ауылга " бағдарламасына кіреді ме? Сол ауылға бағдарламамен баруға боладыма?
Ответ
!

Талғар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, Сіздің 2019 жылғы 1 тамыз айында аудан әкімінің ресми сайтында жазған сұрағыңызға төмендегіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Осыған байланысты, Тұздыбастау ауылы осы бағдарламаға кіреді. Бірақ, сіз осы аталған ауылға жұмысқа және тіркеуге тұруыңыз қажет.

Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн «Талғар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына мынадай құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде;

-өтiнiш;

-жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

-жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

-бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;

-сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

-көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

-тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай

анықтамасы;

-неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

-аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықта


Добавлен: 1.08.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января