Автор: Гульнур

#
Талғар ауданының әкімі Сатбаев Рыскелді Ақметқалиұлы сізге, Кеңдала ауылдық округінің әкімі Өмірзақов Алмас Нұрдаулетұлы сізге, басқа да құзырлы органдарға: Кеңдала ауылы, Смыков көшесі, №14 көпқабатты үйден аққан канализацияны басқа жерге ауыстыру үшін қандай шара жасалынды , жасалынып жатыр сол туралы жауап жазуларыңызды сұраймын. Өйткені 2019 жылдың жаз айында канализацияны 1 рет ғана тартты, оны сордырса да бір күнге жетпей шөлпілдеп лық толады. Осы күні есік алдына табалдырыққа дейін жеткен, үйімізге кірген боқ суды 12 жастағы балам, жолдасым екеуі аяқпен кешіп күрекпен көшеге ағызып отыр. Қазір үйге боқ суды басып кіреміз, терезені мүлдем ашпаймыз, жуылған киімдерді далаға жайсам иіс сіңіп қалады. Менің жанұям, тұрғындар ластанған ауаны жұтып, денсаулықтарына зиян келіп жатыр.
Сіздерден осы боқ суды ауыстыру жұмыстарын кейінге қалдырмай, осы жылы жасаулырыңызды сұраймын. Жауаптарыңызда кәріз жүйелері қаражат бөлінуіне қарай 2019-2020 ж жоспарланған – делінген. 2020 жылы боқ суда жүзіп жүретін шығармыз. Осы жылдың аяғына дейін ауыстырмасаңыздар, шара қолданылмаса көлік жалдап қаздырып, Смыков көшемен ағып , сіздерге де баратын қылып жасаймын, халықпен бірге көріңіз. Басқа амал қалмады.
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің жеке блогына жазған хатыңызды қарастырып «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі төмендегідей жауап қайтарады.

Кеңдала ауылында орталықтандырылған кәріз жүйесі болмауына байланысты, Смыков көшесінде орналасқан 5 қабатты, 48 пәтерлі тұрғын үйдің сулары, осы үйдің ауласында орналасқан әжетқұдыққа құйылады.

Көппәтерлі тұрғын үй иелері өтінішіне байланысты Кеңдала ауылдық округі әкімдігі осы әжетқұдықты тазалау жұмыстарын жүргізгенін және бүгінгі күні Кеңдала ауылына кәріз жүйесін салу мақсатында 41,4 млн. теңге қаражат бөлініп, «Жоба Дизайн» ЖШС мекемесімен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға тапсырыс беруші «Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі.

Жоба бойынша 2019 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, 2020 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінімберіледі.

Добавлен: 28.08.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января