Автор: Мирас

#
Ассалаумағалейкүм құрметті əкім мырза! Мен, Талғар қаласы, Талғар аудандық ауруханасы былайша "Новая больница" -ға қарсы су каналдың төмен жағындағы тұрғындар атынан жазып тұрмын. 40 шақты үй бар көше атауымыз, жол, СУ, ГАЗ МІНЕ 3 ЖЫЛ БОЛДЫ ЖОҚ, көршілер жабылып көпір салдық. Бірақ камаз өтсе опырылу қауібі бар, өтінеміз көмектесіңіздерші. Біздің шағымымызға Кеңдала аудандық әкімдігі жауап берді. Бірақ ақырғы жауап "сіздер енді Талғар ауданына қарайсыздар" деп жоғарыдағы мəселелеріміз шешімсіз қалды. Есімім Мирас, тел:+77078344182 бірге шешуге шақырамыз. Я болмаса БАҚ өкілдерін шақыруға мəжбүрміз
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі келесіні хабарлайды:

Талғар ауданы маслихаттың 2015 жылдың 09 ақпанындағы №40-242 шешімімен, Кеңдала ауылдық округі аумағындағы шаруа қожалығы жерлері Талғар қаласының шекарасына кіргізу бекітілген. Талғар қаласының бас жоспары Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы №334 қаулысымен және Алматы облысы мәслихатының 2019 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен бекітілген.

Осыған байланысты Талғар қаласының «Жаңа» ықшам ауданы көшелеріне атау беру мақсатында Талғар қаласы әкімдігі тарапынан тиісті құжаттары даярлануда. Құжаттары дайын болғанан кейін Алматы облысының ономастика комиссиясына ұсынылады. Сонымен қатар «Жаңа» ықшам ауданына ауыз су және электр жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлінуіне 2020 жылдың нақтыланған бюджетіне өтінім 2019 жылдың қазан айында берілетін болады.

Қаражат бөлінуіне қарай жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 75 бабының 1 тармақшасына сәйкес, құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілетін болады.

Талғар ауданы бойынша газ жүйесі жеке инвестор арқылы жүргізілуде. Осыған байланысты ықшам аудан тұрғындарына газ жүйесін жүргізу мақсатында «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мының Талғар ауданы филиалына, Талғар қаласы, Т.Бокин көшесі 38 мекен-жайы бойынша жолығуларына болады

Добавлен: 25.10.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января