Автор: Жаргенеева Сауле Калтаевна

#
Сәлеметсіз Жолан Ыбырайханұлы сізге жазып отырған көп ана Нұра ауылдық округіне қатысты Бәйдібек ықшам мкрннын тұрғыны .Мен сізге екі мәселемен жазып отырм.1мына тұрып жатқан жеріміздің жарық мәселесі,Талғар ЖКХ бөлім бастығы Шамаев А.А пен Донбаев С.С ауыл әкімі 4үлкен ТП қосқызып халықты қарызға батырып отыр,біз халық болып Шамаевтің алдына барғанда ол кісі айтқан тек 28тг төлейсіңдер, болды қашқан тоқ(потеря)болмайды деген,біз дәлелдеп бергенде бізді құлақ асқан ешкім болмады.Егерде 4ТПнын құжаттары дұрыс болса,заңды түрде халық ай сайын төлеп отырсақ сұрақ сонда қайдан шықты мына қарыз 1,5млн тг?2мәселе осы Нұра ауылында 6баласы бар жалғыз басты ана бар,жолдасы тастап кеткен,өз үйі жоқ,әкім міне бір айға жуық болды көмектесем тұрақты тіркеуге тұратын үй тауып берем деп күнде ертен кел айтады екен,ол ана ұзынағашта поледа нәпақа табу үшін таңғы 5те кетеді,түнде 9-10келеді,сол алысқа қатынамай әлеуметтік көмекке ілінсің,деген ниет еді бізде.Қазіргі таңда ол ана таныстарына қарыз болып отыр.Сұрақ әкім көмектесе алмаса неге ол ананы күнде сандалтып,шақыртып, құр уәде беріп,үміттеңдіріп жүр?
Ответ
!

«Талғар ауданының Нұра ауылдық округі Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен С.К. Жаргенееваның арызы бойынша жауап.

Нұра ауылындағы «Байдібек» ықшамауданы тұрғындарын жарық желісімен қамтамассыз ету үшін үкімет тарапынан қаржы бөлініп, 4 жаңа трансформатор қойылған. Бұл трансформатордың барлығы іске қосылған. Бірақ бұл ықшамауданда халықтың шоғырлануы бір-бірінен алшақта болғандықтан, арада жоғалған тоқ мөлшері көбейіп кеткен. Осы жоғалған тоқ мөлшерінің бірнеше ай төленбегендігі салдарынан қарыз сомасы 1 500 000 тг құрап отыр. Алдағы уақытта екі трансформатор тоқтатылады, қазіргі таңда әкімшілік тарапынан қарыз сомасын өтеу жолдары қарастырылды. Трансформаторлардың «Алматы Жарық Компаниясының» балансына өтпегендігінен тұрғындардың пайдаланылған тоқ мөлшеріне төлем бағасы жай серіктестік арқылы төленетіндіктен 1КВТ 28 тг болады.

Екінші мәселе бойынша Нұра ауылына Жамбыл облысынан көшіп келген Егембердиева Жанардың жанұясында өзі және 6 баласы бар. Ж.Егембердиева Нұра ауылындағы «Төле би» ықшамауданында пәтерде тұрады. 5 баласы Нұра ауылындағы №12 орта мектепте оқиды. Өзі Ұзынағаш ауылында жалдамалы көкөніс жинау жұмыстарымен айналысып жүр. Мұндай жалдамалы жұмыстар Нұра ауылында да табылатындығы айтылған. Бұл азаматшаға мектеп, жергілікті әкімшілік тарапынан киім-кешек, көмір және тағы басқа да бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілген. Ал жәрдемақы тағайындау бойынша Ж.Егембердиеваға балаларына әкелікті қабылдаған күйеуінен балаларынан бас тартуы немесе кірісі туралы сияқты мәліметтер сұратылған. Осы мәселені шешілген жағдайда жергілікті әкімшілік тарапынан бір үйге Ж.Егембердиеваның отбасын тіркеуге көмек көрсетілетіндігі және жәрдемақы тағайындалатыны түсіндірілген.

Добавлен: 5.11.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января