Автор: Тилектес

#
Салеметсызбе аким мырза мен жалгыз басты анамын жане жетымдер уйынде тарбиеленгенмын баспанага кезекте турганыма 4жылдан асты алы жакындамай тур кезегым сонгы рет 4жыл бурын жакындатып содан алы токтап тур быздын катигориямыз баскагой неге 4жылда быр адамга болсын жакындамаган балаларыммен баратын жерым жок осы маселены шешсеныз жаксы болар еды
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-1 бабына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiлетiндігін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңының 14 бап 6 тармағына сәйкес қабылданған шешімге, уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылысыз.

Добавлен: 7.11.2019 г.
Тема:
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января