Автор: Булбул

#
Аса құрметті, Ыбыраев Жолан Омарақынұлы! Мен Бесағаш ауылының тұрғынымын. 4 баланың анасымын. Күйеуім бар (шүкір). Өзім Алматы қаласында жұмыс жасаймын. Мемлекеттік қызметкермін. Ал жолдасым биылғы жылдан бастап (2019 ақпаннан) жұмыстан босатылған. 3 балам мектеп қабырғасында білім алады. Ал ең кішіміз 1 жастан енді асқан. Жолдасым қазіргі таңада балаларға қарайды. Менің сұрағым: 2019 ж АСП көмегін алуға жүгініп едік құжатымызды қабылдамады. Әкімшіліктегілер 2020 жылдың қаңтар айынан бастап құжат тапсыруымызды сұрады. Ал сонда оған дейін неге құжатымыз қабылданбауы тиіс? 4 квартал бойынша неге Асп алу мүмкіндігімізді шектеуі керек? Жалпы толық әрі түсінікті жауап алу үшін қабылдауыңызға жазылсам бола ма? Рақымет!
Ответ
!

«Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Сіздің Атаулы Әлеуметтік Көмек туралы жазған өтінішіңіз бойынша төмендегіні хабарлайды.

Сіз, Атаулы Әлеуметтік Көмек алуға «Е-халық» базасына кіру үшін тиісті құжаттарыңызды ауылдық округкке (жеке куәліктер, балаларыңыздың жеке куәліктері, жәрдем ақы түсуге Халық Банктен немесе Казпочтадан 20 сандық шот) өткізесіз. Жауапты маман Е-халық базаға қабылдап алғаны туралы, қолын және қабылданған күнін, жылын, қолын қойып қолыңызға түбіртек береді. «Е-халық» базасына отбасыңыз енген кезде, тоқсандық табыс түрлері шығады. Табыс түрі күн-көріс мөлшерінен, адам басына шаққанда (20789) тенгеден аспау тиіс.

Қазіргі уақытта күнделікті дүйсенбіден-жұма күндері 4-ші тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттар қабылданады.

2019 жылдың қараша айының 06 күні сағат 14-30 да Бесағаш ауылындағы №45 мектеп-гимназиясында көп балалы отбасыларға ,Талғар ауданының жұмыспен қамту орталығының маманы Б.Тұрсын, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін «Көп балалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы» және «АӘК тағайындаудың жаңа тәсілдемелерін» халыққа түсіндіріп жиын өткізілді.

Добавлен: 8.11.2019 г.
Тема:
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января