Автор: Айман

#
Сәлеметсіз бе әкім мырза!Сіздің қабылдаудыңызға жазылсақ та,сіз жоқ кезде бізге әкім қабылдайды.деп алдап шақырады.Сізді әйтеуір көрмейтін болдық.Мен БитимчиноваА қызым Талғардағы мектеп-интернатта оқиды.Мына мектеп-интернаттың күрделі жөндеуден өтпеген інге 54жыл болыпты.Іші-ескі құсқы тозып біткен.Ремонтын айтпағанда санитариялық жағдайын айтсаңызшы жастық ары илек-илек,матрацтары кір-кір,лас .Оңай.ғой.дейсіз бе54 жыл қолданған.Жастықтарының.тігісіне бит-сірке сіңіп кеткен.54жыл бұрынғы апалары мен аталарынан.қалған.Жастықтары стерилизациялау дән өтпеген.Әрине қызым апта сайын.интернаттан үйге бит тасиды.Басқа жағдайды айтпағанда санитариялық жағынан.сіздерге қарайтын шығар енді.Тексеру болғанда СЭС осыны көрмейме екен?Көздері???????????? керек ауып.кететін сияқты.Айман87714459098
Ответ
!

«Талғар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ, сізден келіп түскен кіріс №3727 18.11.2019 ж. аудан әкімінің сайтына түскен автор Айманның шағымына байланысты төмендегіні мәлімдейді:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V, Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабы, 5 тармағынына сәйкес жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады. «Құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері» негізінде жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін субъектінің атауы көрсетілген нақты көрсеткіштер болу қажет.

Тексеру жүргізетін мекеме жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін, ҚР Бас прокуратуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасында тіркеу жүргізеді.

Берілген жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 12-бабына сәйкес, өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасауға құқығы бар екендігін мәлімдейді.

Добавлен: 14.11.2019 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января