Автор: Ляззат

#
Сәлеметсізбе әкім мырза! Мен ИИН 990630400958 ата- ана қамқорлығынан айырылғанмын сіңілім 9-ыншы сынып оқиды . Казір әжеміздің қасында тұрамыз ғй кезегіне Жазылғанмын бірақ әлі алдыға жылжымады 497 кезекте тұрған едім 2жыл бұрын әлі сол кезекте тұрмын . Алдыға қашан жылжиды . Сіздің санаттағы балалар жұмысы 1кезекте қаралуы тиіс едігой
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі келесіні хабарлайды:

Сіз 2018 жылдың  08  қарашасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу кезегіне тіркелуге өтініш білдіріп, бүгінгі күнге «кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша №497 болып тіркеліп тұрсыз.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының (ары қарай-заң) 74-бабына сәйкес, мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап, тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді бөлу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан 2017 жылы тұрғын үй берілген кезде кәмелеттік жасқа толған балаларға берілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Кезекте тұрғандардың тізімі 2017 жылғы 14 шілдедегі №30 аудандық «Талғар» газетінде жарияланған.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 - бабының 1-тармағына сәйкес Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінің бөлек тізімі тоқсан сайын Талғар ауданы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады. https://www.akimat-talgar.gov.kz / «кезектілік» бөлімінде.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта үш көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде (барлығы 170 пәтер). Бұл тұрғын үйлерді бөлу 2020 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылатын болады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 6 тармақшасына сәйкес, аталған жауаппен келіспеген жағдайда, сіз жоғары тұрған органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылысыз.

Добавлен: 4.01.2020 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
3 января