Автор: Гулбану

#
Салеметсызбе.. Мен Карабулак (новостройка)ауылынын тургыны..Ен басты маселемыздын быры ауыз су жок мулдем.. Соны карастырып шешып беруынзды отынып сураймыз..келгенымызге 3 жылдан асып барады отте катты кыйналып кеттык...Отыныш сыздерден????????????
Ответ
!

Сіздің Талғар ауданы әкімінің сайтына келіп түскен өтінішіңізді қарастырып, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі келесіні хабарлайды:

Қарабұлақ ауылында су жүйесін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 2020 жылдың 24 ақпанында Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

Жобалау жұмыстары қаражат бөлінуіне қарай жүргізілетінін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» Заңының 14 бап 6 тармағына сәйкес қабылданған шешімге, уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға құқылысыз.         

Добавлен: 9.03.2020 г.
Смотрите также
3 января
3 января
3 января
4 января